Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы өнеркәсіп тауарларының жекелеген түрлері бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің сұранысы пен ұсынысының жиынтық болжамды теңгерімдерін есептеу әдіснамасын қабылдады.
«ЕАЭО мемлекеттерінің сұранысы пен ұсынысының жиынтық болжамды теңгерімдері — бірінші кезекте өнеркәсіп пен өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту саласында шешімдер қабылдауды қолдау құралы», — деп атап көрсетті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.
Мұндай тәсілдеме қазірдің өзінде Комиссияның өнеркәсіп блогы ЕАЭО-ның қара және түсті металдардың сынығы мен қалдықтарының ортақ нарығындағы ағымдағы жағдаятқа кешенді талдау жүргізген кезде ойдағыдай қолданылды. Бұл Одақ нарығының аталған өнім бойынша жай-күйін бағалауға және Еуразиялық металлургия кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөнінде тиісті кешенді ұсыныстар дайындауға мүмкіндік берді.