Мәскеуде Еуразиялық ынтымақтастық Қаржы-Бизнес қауымдастығының (ЕАЫ ҚБҚ) штаб-пәтерінде ЕАЫ ҚБҚ мүшелерінің жалпы жылдық жиналысы өтті, онда Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі, Қауымдастықтың бақылау кеңесінің төрағасы Бақытжан Сағынтаев сөз сөйледі.
ЕЭК Министрі Еуразиялық интеграцияның басымдықтарының бірі болып табылатын ЕАЭО елдерінде қызметтер санын ұлғайту және қызметтердің ортақ нарығын қалыптастыру бойынша комиссия жүргізген жұмыс туралы хабарлады.
Сонымен қатар Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсеріне бағалау рәсімін жүргізген кезде реттеуді әзірлеу процесіне кәсіпкерлерді тартудың маңыздылығы атап өтілді.
Сондай-ақ, электрондық сауданы дамытудың, бизнеске салық салуды жетілдірудің және ұлттық валюталарды пайдалану негізінде Одақта есеп айырысу-төлем жасау механизмдерін қалыптастырудың өзекті мәселелері айтылды.
Бақытжан Сағынтаев бизнесті дамыту мен жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы ЕАЭО кеңістігіндегі ынтымақтастықты тереңдетудің және елдеріміздің экономикасының әлеуетін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Анықтама