Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жаңалықтар
ЕЭК
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Фото
Бейнегалерея
Бағытты таңдаңыз
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Развитие интеграции
Макроэкономическая политика
Статистика
Развитие предпринимательской деятельности
Финансовая политика
Трудовая миграция и соцзащита
Промышленная политика
Агропромышленная политика
Техническое регулирование и аккредитация
СФС-меры
Регулирование рынка лекарств
Транспорт и инфраструктура
Энергетика
Антимонопольное регулирование
Политика в области госзакупок
Информационные технологии
Функционирование внутренних рынков
13 наурыздың 2025
Қазақстанда кеден органдарының қызметіне озат цифрлық шешімдерді ендіру талқыланды
ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов жұмыс сапарымен Астанаға барып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің басшылығымен – вице-министр Ержан Біржановпен және Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиевпен кездесу өткізді. Келіссөздер шеңберінде Навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді іске асыруды, ЕАЭО шекарасындағы кедендік өткізу пункттерін жаңғырту тәсілдемелерін, жалпы процестерді ендіруді және Одақ шеңберінде кедендік реттеуді дамытудың 2045 жылға дейінгі перспективаларын қоса, кедендік реттеу саласындағы өзекті мәселелердің кең ауқымы талқыланды. ЕЭК министрі Қазақстанның кеден органдарының қызметіне "Кеден" жаңа ақпараттық жүйесін ендірудің ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ оны ЕАЭО-ның бірыңғай ақпараттық жүйесімен интеграциялау мүмкіндіктерін зерделеді. "Кеден" ақпараттық жүйесі электрондық кедендік декларациялауды ендіруге ғана емес, сонымен қатар алдын ала хабардар етуді іске асыруға, өткізу пункттерінде интеграцияланған бақылау жүйесін құруға, сондай-ақ бұзушылықтарды тіркей отырып, кедендік операцияларды автоматтандыруға ықпал ететін болады, бұл өз кезегінде кедендік әкімшілендірудің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сапар барысында Руслан Давыдов Қазақстан Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасының ахуалдық орталығында болды. Мұнда инспекциялық-тексеріп қарау кешендерінен алынған суреттерді талдау, сондай-ақ кеден бекеттерінің қызметкерлері орындайтын кедендік тексеріп қарауды жүргізу процесін үйлестіру жүзеге асырылады. Орталық жүктерді тексеру мен өңдеу процесіндегі ашықтықтың жоғары дәрежесін және уақытылы жүруін қамтамасыз ете отырып, кедендік операцияларды тиімді басқаруда және бақылауда маңызды рөл атқарады.
13 наурыздың 2025
Эльдар Алишеров: "Еуразиялық экономикалық интеграция ЕАЭО елдері дамуының түйінді көрсеткіштерінің айтарлықтай өсуін қамтамасыз етеді"
"ЕАЭО: Еуразиядағы ең ірі интеграциялық бірлестіктің жұмыс істегеніне 10 жыл" онлайн-конференциясында ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Эльдар Алишеров Еуразиялық экономикалық одақтың он жылдық жұмысы ішінде қол жеткізілген Еуразиялық экономикалық интеграцияның жетістіктері туралы айтып берді. ЕЭК министрі 2030 және 2045 жылдарға дейін ЕАЭО-дағы экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияны іске асыру үшін қабылданатын шараларға айқындап айтты және сыртқы тректегі әріптестермен өзара іс-қимылдың оңтайлы форматтарын құрып, дамытуға назар аударды. Эльдар Алишеров Еуразиялық экономикалық интеграция Еуразиялық "бестік"елдерінің дамуының түйінді көрсеткіштерінің айтарлықтай өсуін қамтамасыз ете отырып, экономикаға күшті тұрақтандырушы әрі ынталандырушы әсер беретінін атап өтті. "Өңірдегі сауданың, көлік-логистика маршруттарының, еңбек көші-қонының және қаржы ағындарының жаңа конфигурациясы белсенді экономикалық саясатпен қатар ЕАЭО-да белсенді экономикалық өсуді ынталандырды. ЕЭК бағалауы бойынша 2024 жылы ЕАЭО-дағы ЖІӨ-нің нақтылы көлем индексі 2014 жылға қарағанда 117,6% құрады. Жекелеген мүше мемлекеттер бойынша ЖІӨ өсімі неғұрлым маңызды болды, мысалы, Арменияда 1,6 есе, Қырғызстанда 1,6 есе, Қазақстанда 1,3 есе болды", — деді Эльдар Алишеров. ЕЭК министрі сондай-ақ, ЕАЭО-дағы өзара және сыртқы сауданың статистикалық көрсеткіштеріне назар аударды. Объективті деректер мүше мемлекеттер арасындағы сауда көлемінің едәуір ұлғаюын, сондай-ақ сыртқы экономикалық белсенділіктің өсуін айғақтайды. "ЕАЭО сыртқы сауда айналымында өзара сауда айналымы үлесінің өсуі 2015 жылғы 13,5%-ға қарағанда 2024 жылы 19,8%-ға дейін өсті. Одақтағы өзара тауар саудасының көлемі 2015 жылдан бастап екі есе артып, 2024 жылы 100 млрд АҚШ долл. жетті", — деп әңгімеледі ЕЭК министрі. ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі блогының басшысы бүгінгі күнге дейін ЕАЭО әлемдік экономикалық архитектураның маңызды элементі ретінде қалыптасқанына сенімді. "Қарымды әріптестерді қамтитын және мүше мемлекеттер экономикасының орнықтылығын арттыру, ЕАЭО-ны экономикалық қатынастардың әлемдік архитектурасына кіріктіру, экспорт географиясы мен көлемін кеңейту, сондай-ақ шетелдік инвестициялар мен технологияларды тарту міндеттерін шешу мүддесінде кешенді диалог жүргізуге мүмкіндік беретін икемді инфрақұрылым құрылды", – деп атап өтті ол. Комиссия әмбебап және бейінді халықаралық ұйымдармен өзара түсіністік туралы 46 меморандум, өңірлік интеграциялық және мемлекетаралық бірлестіктермен 14 меморандум, сондай-ақ үшінші елдердің үкіметтерімен, министрліктерімен, ведомстволарымен ынтымақтастық туралы 30 меморандум жасасты. Бұдан басқа, ЕАЭО мен үшінші елдер (Вьетнам, Иран, ҚХР және Сербия) арасындағы төрт сауда келісімі бар. Қазіргі уақытта БАӘ, Индонезия және Моңғолиямен сауда режимдерін ырықтандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Одақпен диалогқа Оңтүстік Шығыс Азия елдері аса қызығушылық танытуда. АСЕАН-мен, сондай-ақ осы өңірдің елдерімен екіжақты негіздегі қарым-қатынас белсенді дамуда. "Ең жақын әріптестер – ТМД, ШЫҰ, БРИКС, АСЕАН елдерімен қарым-қатынас басымдықты болып қала беретіні сөзсіз. Геоэкономиканың күрделілігіне қарамастан, Одақтың жаңа әріптестерінің саны артып келеді", – деп атап көрсетті Эльдар Алишеров Одақ сауда келісімдерін жасасқан немесе байқаушы мәртебесін берген, ал Комиссия өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойған үшінші елдер мен өңірлік экономикалық интеграция бірлестіктерінің ЖІӨ 71,9 трлн АҚШ долл. (Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, сатып алу қабілетінің паритеті бойынша) немесе әлемдік ЖІӨ-нің 49,9%-ын құрайды. Бұл елдердің халқының саны 4,3 миллиард адам немесе әлем халқының 53,5%-ы.
13 наурыздың 2025
ЕЭК пен Өзбекстан Республикасы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басымдықты мәселелерін талқылады
Еуразиялық экономикалық комиссия мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен жұмыс тобының төртінші отырысы барысында өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды. Кездесу 13 наурызда ЕЭК штаб-пәтерінде ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Эльдар Алишеров пен Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Хуррам Тешабаевтың тең төһрағалығымен өтті. "ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық өзінің ауқымы бойынша да, тауарлар номенклатурасының кеңдігі бойынша да стратегиялық сипатта және тұрақты түрде оң серпінге ие болып отыр. Өзбекстан Республикасы Одақтың ТМД елдеріндегі сауда әріптестері арасында бірінші орында. ЕАЭО-ның ТМД елдерімен саудасының құндық көлемінің жартысына жуығы Өзбекстанның үлесіне тиесілі. Біздің саудамыз ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Өзбекстан Республикасы экономикасының өзара толықтырушы сипатын көрсетеді", — деп атап өтті ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Эльдар Алишеров. Өз кезегінде Хуррам Тешабаев ЕАЭО-мен бизнес-диалогты ынталандыру үшін тиімді алаңдар құрылғанын, өнеркәсіптік кооперация және инфрақұрылым саласында жүздеген ірі жоба іске асырылып жатқанын атап өтті. Өзбекстан ЕАЭО қамқорлығымен өткізілетін үкіметаралық және ведомствоаралық отырыстарға, экономикалық форумдар мен көрмелерге, жоғары деңгейдегі консультациялар мен кездесулерге жүйелі түрде қатысады. Эльдар Алишеровтің сөзінше, ЕАЭО мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттары 2024 жылғы қазан айында қол қойылған Еуразиялық экономикалық комиссия мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің 2024 – 2026 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарында дамытыла түсті. Отырыс барысында тараптар көлік саласын цифрландыру, өзара саудада логистикалық бағыттардың тиімділігін арттыру, ЕАЭО мен Өзбекстанның кедендік шекаралары арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдың тауарлары мен көлік құралдары туралы ақпарат алмасуды ұйымдастырудың ықтимал тәсілдемелерін пысықтау, сондай-ақ бәсекелестік және тұтынушылардың құқықтарын қорғау салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша ЕАЭО – ға мүше мемлекеттердің Өзбекстан бағытындағы "Еуразиялық агроэкспресс" бірлескен жобасын іске асырудың ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті жеткізудің көлік-логистика тізбегін дамыту, соның ішінде өнімді өзара жеткізуде жаңа логистикалық маршруттарды пысықтау үшін маңыздылығы атап өтілді. ЕЭК өкілдері ЕАЭО мен Өзбекстан арасындағы дәрілік препараттарды сәйкестендіру құралдарын өзара тануды, өзбек компанияларының өнеркәсіп пен АӨК-тегі бірлескен кооперациялық жобаларға қатысуын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін пысықтауға дайын екендіктерін білдірді. Сондай-ақ, Өзбекстанның 2025 жылғы наурызда ЕАЭО-Өзбекстан кедендік транзитінің бірыңғай жүйесін қалыптастыру мәселелері бойынша кезекті консультациялар өткізу туралы ұсынысы қолдау тапты. Тараптар ЕАЭО Іскерлік кеңесі мен Өзбекстан СӨП-тің 2025 жылғы сәуірде бірлескен бизнес-диалог өткізу туралы бастамасымен келісті. Талқылаудың қорытындысы бойынша бірлескен жұмыс тобының бесінші отырысын 2026 жылы Өзбекстанда өткізу келісілді.
12 наурыздың 2025
ЕЭК-те ауыл шаруашылығын орнықты дамыту перспективалары талқыланды
12 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссияның алаңында ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Наира Карапетянның төрағалық етуімен "Жасыл көкжиектер: Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығының орнықты дамуы" тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Іс-шараға қатысушылар ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығында көміртегі салығын енгізудің салдарын талдау және модельдеу тәсілдемелерін, көміртегі ізін төмендетудегі жасыл ауыл шаруашылығының рөлін, органик-өндірушілердің еларалық кооперациясының перспективаларын, тыңайтқыштарды қолдану кезінде парниктік газдар эмиссиясын реттеуді және басқа да бірқатар мәселені талқылады. Наира Карапетян өз сөзінде атап өткендей, қазіргі заманғы әлемде АӨК-тің орнықты дамуы өзекті бола түсуде, өйткені ауыл шаруашылығы табиғи ресурстарды пайдаланумен тікелей байланысты және қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етеді. "ЕАЭО-дағы салдарды жеңілдету үшін келісілген іс-қимыл мен саланы ағымдағы шын-жәйтке бейімдеу негізінде ауыл шаруашылығы және азық-түлік жүйесінде өзгерістер қажет", — деп атап көрсетті ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры. Дөңгелек үстелге Беларусь Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ресей сапа жүйесінің, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының, РФ Президенті жанындағы РХШжМҚА Қолданбалы экономикалық зерттеулер институтының, салалық бизнестің өкілдері қатысты.
11 наурыздың 2025
ЕАЭО-да е-CMR электрондық халықаралық көлік жүкқұжаттарын қолдану жөніндегі "пилотты" іске асыру үшін жұмыс тобы құрылды
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 11 наурызда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде халықаралық жүк автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде е-CMR электрондық халықаралық көлік жүкқұжаттарын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру үшін жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады. Жұмыс тобының құрамына ЕАЭО елдерінің көлік, цифрландыру, салықтық және кедендік реттеу саласындағы уәкілетті органдарының, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың, ғылыми ұйымдар мен салалық бірлестіктердің өкілдері кіреді. Сарапшы алаңның жетекшісі болып ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Қожошев айқындалды. "Бүгін біз автомобиль көлігі саласында заңи маңызы бар электрондық құжат айналымына көшуге қарай тағы бір қадам жасадық. Жұмыс тобы ЕАЭО-да электрондық халықаралық көлік жүкқұжаттарын қолдану бойынша пилоттық жобаны жүргізу мерзімі мен тәртібін айқындайды, сондай-ақ оны іске асырудың практикалық мәселелерін атқарысады", — деп атап өтті ЕЭК министрі. Жобаның негізгі мақсаты — цифрлық қолтаңба мен "сенімді үшінші тарап" механизмдерін пайдалана отырып, әртүрлі мемлекеттің субъектілері арасында электрондық құжаттармен трансшекаралық алмасу технологиясын тәжірибелік атқарысуды қамтамасыз ету. Пилоттық жоба көлік құжаттарын алу және тексеру процестерін жеделдетуге, сондай-ақ көлік-логистика және бақылау-қадағалау рәсімдерін жүзеге асыру кезінде шығындарды азайтуға ықпал ететін болады. Жұмыс тобының отырысын 2025 жылғы II тоқсанда өткізу жоспарлануда.
11 наурыздың 2025
Арзыбек Кожошев ЕАЭО-ның 10 жыл бойы жұмыс істеп тұрғандығы жайында айтты
ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеп тұруының 10 жылдығына арналған халықаралық пікірсайысқа қатысушылар алдында бейнеүндеу форматында сөз сөйледі. Қатысушылар талқылауының негізгі нысанасы қол жеткен табыстар мен Одақ тап болған сыни шақырыстар жайына шоғырланды. "Бірқатар фактор мен бұлардың теріс салдары Одақ үшін сыртқы сыни шақырыстарға айналды. Мұны ЖІӨ-нің көрсетілген кезеңде шамамен 50% өсуі — 1,6 трлн АҚШ долларынан 2,4 трлн АҚШ долларына дейін артуы айғақтайды. Бұл ретте өзара сауда екі есе артып, шамамен 90 млрд АҚШ долларын құрады, ал оның ЕАЭО сыртқы саудасының жалпы көлеміндегі үлесі 18,2%-ға дейін өсті", — деп атап өтті Арзыбек Кожошев. Министр ЕАЭО азаматтары үшін білім беру, медициналық көмек, зейнетақы тағайындау мен төлеу саласындағы неғұрлым қолайлы жағдайлар туралы хабарлады. Одақ құқығында тауарлардың еркін қозғалысын және мемлекеттік сатыпалымға тең қол жеткізуді көздейтін бизнес-қоғамдастықтың артықшылықтары баса көрсетілген. Сондай-ақ, ЕЭК министрі бүгінгі таңда мұнай, газ және электр энергиясының ортақ нарығы мәселелері ілгерілеп келе жатқанын, бұл энергия ресурстарының қолжетімділігі мен ЕАЭО елдерінің дамуын қамтамасыз ететінін атап көрсетті. "Солтүстік — Оңтүстік" көлік дәлізі және "Бір белдеу, бір жол" жобасы бойынша Қытаймен ынтымақтастық сияқты жаңа көлік дәліздерінің жеткізілімдерін әртараптандыру және әлеуетін арттыру міндеттері шешілу үстінде.
10 наурыздың 2025
Бақытжан Сағынтаев Александр Турчинді Беларусь Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Александр Турчинді Беларусь Республикасының Премьер-министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтады. "Сіздің Үкімет басындағы қызметіңіз Беларусь пен Еуразиялық экономикалық интеграцияның одан әрі дамуына ықпал ететініне сенімдімін", — делінген құттықтау хатта. Бақытжан Сағынтаев ЕЭК атынан және жеке өз атынан Александр Турчинге мықты денсаулық тілеп, Беларусь Республикасы мен оның азаматтарының игілігіне арналған барлық белгілеген жоспарларын іске асыруына тілектестігін білдірді.
10 наурыздың 2025
Сербия ЕЭК-тің өтінішіне жауап ретінде Одақ елдерінен әкелінетін күнбағыс майы мен құрамында майы бар өнімдерді шектеудің күшін жойды
Сербия Еуразиялық экономикалық комиссияға Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінетін күнбағыс майы мен құрамында майы бар өнімдерді сандық шектеуді алып тастау туралы хабарлама білдірді. Сербия Республикасы Үкіметінің министрі, ЕАЭО-мен қарым-қатынастарды дамытуға жауапты Ненад Попович ЕЭК-тің өтінішіне жауап ретінде шектеулердің күшін жоюға бастамашылық жасады. "Бұл мәселені Комиссия өткен жылдың сәуір айынан бастап Одақ пен Сербия арасындағы Еркін сауда туралы келісімді жүзеге асыру шеңберінде пысықтап келді. Атап айтқанда, тақырып менің қыркүйек айында Ненад Поповичпен кездесуім барысында қозғалды", — деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Ол шектеулердің күшінің жойылуы сындарлы өзара іс-қимылды бейнелейді және тараптардың сауда-экономикалық ынтымақтастығының оң дамуын атап көрсетеді деп сөзін толықтырды. 2024 жылғы наурызда шектеу шаралары енгізілгеннен кейін күнбағыс майы мен маргариннің (СЭҚ ТН 1512 19 900 2, 1512 19 900 9, 1517 10 100 0, 1517 10 900 0) ЕАЭО-дан Сербияға экспорты 2024 жылдың 10 айында 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40% қысқарды. Бұл ретте 2023 жылы осы көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда шамамен бес есе өскен еді.
Тағы да көрсету
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы