Жаңалықтар

14.01.2025

ЕЭК Магистралдық құбыржолдарға арналған техникалық регламентке орайлас мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламаның жаңа редакциясын бекітті

Еуразиялық экономикалық одақтың «Сұйық және газ тәрізді көмірсутегін тасымалдауға арналған магистралдық құбыржолдарға қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентіне (ЕАЭО ТР 049/2020) орайлас мемлекетаралық стандарттар әзірлеу жөніндегі бағдарлама жаңа редакциясында бекітілді.

Өзгерістер Бағдарламада көзделген мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу және қабылдау нәтижелерін, сондай-ақ қолданыстағы стандарттар тізбесіне енгізілген стандарттарды қолдануды ескере отырып, техникалық регламентке орайлас дәлелдемелік базаны өзекті жай-күйде ұстау үшін дайындалған.

Бағдарламаға сәйкес 24 МемСТ әзірлеу көзделген, оның 14-і-Қазақстан мен Ресейдің ұлттық стандарттары негізінде әзірленеді. 2024-2025 жылдары он, 2025-2026 жылдары төрт, 2025-2027 жылдары тоғыз мемлекетаралық стандарт әзірлеу көзделген, тағы бір МемСТ 2029 жылға дейін әзірленуі мүмкін.

Бағдарламаның жаңа редакциясында қолданыстағы құжатта көзделген 16 мемлекетаралық стандарт сақталған. Бұдан басқа, Бағдарламаға сегіз жаңа мемлекетаралық стандарт енгізілген.