Жаңалықтар

16.11.2023

ЕЭК техникалық реттеудің бірыңғай жүйесін жетілдіру ісінде ЕАЭО Сотымен өзара іс-қимылдың мол мүмкіндігін көріп отыр

Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко бұл туралы 16 қарашада Минскіде өткен "ЕАЭО Соты практикасының ЕАЭО-да құқықтық тәртібін қалыптастыруға ықпалы" халықаралық конференциясының жалпы отырысында ортақ нарықтағы өнім айналысы кезінде ЕАЭО құқығын қолданудың практикалық аспектілеріне арналған сөзінде мәлімдеді.


"Техникалық реттеу жүйесін құра отырып, оны "жеткізе теңшеуге", ағымдағы экономикалық жағдайларға бейімделуге және Одаққа мүше барлық мемлекет пен нарықтың барлық қатысушысы осы салада Одақ құқығының ережелерін біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге үнемі назар аударғаны жөн", - деді Виктор Назаренко.

ЕЭК министрінің сөзінше, осы мақсатта, ЕАЭО туралы шартқа және Одақ актілеріне олардың ережелерін практикалық қолдану нәтижелеріне сүйене отырып, өзгерістер ұдайы дайындалады. Бұл жолда Комиссия заңгерлердің тереңдетілген пысықтауын талап ететін жүйелі мәселелерді көріп отыр.

Виктор Назаренко осындай мәселелердің бірі - Одақтың құзыретіне жатқызылған салалардағы біртұтас, келісілген, үйлестірілген саясаттың сан алуан түрлері арасында бұдан да нақты шекара жүргізу қажет деп санайды. Бір мағынада түсінбеу кейде Одақ актілерінің техникалық реттеу және СФС-шаралар саласындағы ережелерін жетілдіруде қиындықтарға әкеледі.

ЕЭК министрінің пікірінше, мүше мемлекеттерде ұйымдастырушылық және құқықтық механизмдерді қолдануды талап ететін жаңа міндетті талаптарды қолдануды тиісінше іске асыруға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру ерекше назар аударуға лайық. Бұл жұмыс міндетті талаптарды біркелкі және тиімді қолдану үшін түйінді болып табылады. Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын түсіндіруге орайлас қазіргі уақытта қалыптастырылып жатқан тәсілдемелер дәл осы мақсатқа қызмет ететін болады.

Виктор Назаренко нарықты қауіпсіз емес өнімдерден қорғауды қамтамасыз ету механизмдеріне айрықша назар аударды. Оның сөзінше, мониторинг нәтижелері мемлекеттік қадағалауды (бақылауды) қамтамасыз ету кезіндегі жағымсыз үрдістерді айғақтайды, бұл, атап айтқанда, тексерулерге мораторий енгізуге немесе мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) басқа да шектеулеріне дейінгі қадағалау практикасын әртүрлі оңайлатуда көрініс табады. Мұны, әрине, нарықтың алақол қатысушылары пайдаланады.

Виктор Назаренко ЕЭК пен ЕАЭО Сотының өзара іс-қимылын тереңдетуді жақтай отырып, ЕАЭО Сотының құзыреті, соның ішінде дауларды қарау практикасын және СФС-шаралар саласындағы техникалық регламенттер мен талаптарды түсіндіруді ескере отырып, Одақтың құқықтық базасын жетілдіру үшін сұранысты болатынына сенім білдірді. Ол өзара іс-қимылдың тағы бір маңызды бағытын реттеудің таңдаулы практикасын ендіру мақсатында мүше мемлекеттердің заңнамасын үндестіру көзделген бағыттар бойынша бірлескен зерттеулер жүргізуден көреді.