Еуразиялық экономикалық комииссия алаңында ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары Татьяна Николаеваның төрағалық етуімен болып өткен кеңесте Еуразиялық экономикалық одақ елдері мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының, сондай-ақ мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының аккредиттеу жөніндегі органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібінің жобасы қаралды.
Құжат 2025-Стратегиясының 4.7.1-тармағын іске асыру мақсатында дайындалған.
Талқылау барысында ЕАЭО мемлекеттерінің сарапшылары Одақтың бірыңғай нарығын одақтық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерден қорғауға қатысты проблемалық мәселелерді қарады. Олардың арасында — қадағалау органының өз аумағында осындай өнім анықталған кезде мүше мемлекеттердің басқа бақылау органдарын жедел хабардар ету жолындағы іс-қимылының дәйектілігі, сондай-ақ хабардар ету жүйесі шеңберінде беру үшін қажетті мәліметтер құрамы бар.
Бақылау органдарының аталған өнімге қатысты іске асыратын шаралар қабылдау тәсілдемелері, сондай-ақ ұлттық заңнамаға сәйкес қадағалау органдарының немесе өзге де уәкілетті органдардың сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру тәсілдемелері қаралды.
Олардың қолданылуы мүше мемлекеттердің бірінің аумағында тоқтатылған немесе тоқтатыла тұрған жағдайдағы Одақтың сәйкестікті бағалау туралы құжаттарының бірыңғай тізіліміндегі сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың заңды мәртебесі талқыланды.
"Өзара іс-қимыл тәртібін қабылдау Одақ елдерінің мемлекеттік бақылау органдарына ден қою шараларын қабылдау үшін хабардар ету жүйесі шеңберінде талаптарға сәйкес келмейтін өнім туралы жедел ақпарат алмасуға мүмкіндік береді", — деп атап өтті Татьяна Николаева.
Мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының, соның ішінде аккредиттеу органдарымен жедел өзара іс-қимылы бірыңғай нарықты талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерден және сәйкестікті бағалау туралы негізсіз берілген құжаттардан қорғауға көмектеседі.
Тәртіп жобасы үстіміздегі жылдың соңына дейін Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына шығарылатын болады.