Жаңалықтар

23.08.2021 (Обновлено: 10.01.2022 16:35)

2020 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО-дан басқа елдерге азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы шикізатының экспорты 19% өсті

Нақтыланған деректерге сай, 2020 жылы Еуразиялық экономикалық одақтан басқа (ЕАЭО-дан тыс) елдерге 29,8 млрд АҚШ долл.құрайтын азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы шикізаты экспортталды, бұл 2019 жылғыдан 19% артық. Мейлінше көп өсім Ресейде (21,2%) және Беларусьта (35%) тіркелді.

ЕАЭО-дан тыс елдер импортының жалпы көлемі 2020 жылы 5,5%, экспорты 20,8% азайды.

ЕАЭО-ның негізгі сыртқа сауда әріптестері - экспорттық жеткізілімдердің 54%-ы және импорттық сатып алудың 61%-ы үлесіне тиетін Еуропалық одақ елдері мен Қытай болып табылады.

ЕАЭО-ның сауда айналымында АТЭЫ елдерінің (2019 жылғы 34,1%-дан 2020 жылы 36,4%-ға дейін) және ТМД елдерінің үлесі (4,9%-дан 5,3%-ға дейін) артты.

ЕАЭО-ның негізгі сауда әріптестері бойынша сыртқы сауда туралы деректері, сыртқы сауда көлемінің серпіні, ЕАЭО-дан тыс елдермен экспорттың және импорттың тауарлық құрылымы, сыртқы сауда көрсеткіштеріндегі ЕАЭО мемлекеттерінің үлес салмағы Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаментінің талдамалы шолуында ұсынылған.