17 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияның кедендік ынтымақтастығы министрі Эльдар Алишеровтың төрағалығымен Дүниежүзілік кеден ұйымымен (ДКҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Отырыста Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 11.7.5-тармағының орындалуы талқыланды. Одақтың ДКҰ-ға мүше мәртебесін алуға, сондай-ақ ЕАЭО-ның ДКҰ-ның негізгі құжаттарына қосылу мүмкіндігін пысықтауға бағытталған Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерімен бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыру бөлігінде ДКҰ-мен одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары туралы айтылды.
«ЕЭК-тің кедендік ынтымақтастық жөніндегі блогы ДКҰ-мен белсенді өзара қарым-қатынасын жасайды және халықаралық стандарттар негізінде кеден заңнамасын жетілдіру, кедендік әкімшілендірудің тиімді және заманауи стандарттарын әзірлеу, кедендік әкімшілендірудің озық тәжірибесін енгізу сияқты бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыратын болады», — деп атап өтті Эльдар Алишеров.Министрдің пікірі бойынша мұндай жұмыс Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының, сондай-ақ кедендік ынтымақтастықты ұйымдастыру бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметінің негізгі бағыттарының ережелерін ескере отырып, кедендік реттеу саласындағы Одақ құқығын жетілдіру аясында өзекті болмақ.