Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде кеден заңнамасын жетілдіру бойынша қандай жұмыс жүргізіп жатқаны туралы ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Эльдар Алишеров 19 қыркүйекте Минскіде өткен "Жаңа сын-тегеуіріндер мен қатерлер жағдайындағы Еуразиялық экономикалық интеграцияның перспективалары: кедендік өлшем" атты XIV халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтты.
Эльдар Алишеровтің сөзінше, Еуразиялық экономикалық интеграцияның маңызды міндеттерінің бірі — түйінді тауарлармен және ресурстармен қамтамасыз етудің ортақ кеңістігін қалыптастыру болып табылады, ал бұл процесте кеден органдары маңызды рөл атқарады.
"Кеденсіз көлік-логистика инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мүмкін емес. Транзит еркіндігі, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану, кеден қызметтері жұмысының тұрақты және болжамды құқықтық құрамдас бөлігі біздің мемлекеттерімізді байланыстыратын жіксіз және қауіпсіз халықаралық көлік дәліздерін дамыту үшін сенімді негіз болып табылады", — деп атап өтті ЕЭК министрі.
Эльдар Алишеров Одақтың кедендік транзит жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін оған мүдделі үшінші мемлекеттерді қосу мүмкіндігін көздестіру қажет екенін айтты.
"Технологияларды дамытудың қазіргі заманғы трендтері таяу болашақта инновациялық кеден әкімшілігін жүргізудің қалыптасуына негіз болады. Смарт-технологиялар қағидаттарын ендіру интеллектуалды өткізу пункттерін салудан бастап бастамашыл автоматтандырылған қызметтер көрсетуге, электрондық декларациялауға және үлкен деректерді автоматты түрде өңдеуге, Одақтың кеден органдары арасында жедел ақпарат алмасуға дейін барлық жерде болуға тиіс", — деп атап көрсетті ЕЭК министрі.