Жаңалықтар

31.10.2016

ЕЭК Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитетінің 31-ші отырысы

Бет мазмұны31 қазанда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Мукай Кадыркуловтың төрағалығымен Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитеттің кезекті отырысы өтеді. Отырысқа ЕЭК өкілдері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі уәкілетті органдардың қызметкерлері, сондай-ақ бизнес-қоғамдастығынан сарапшылар қатысады. Отырыс барысында құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала хабардар етуге байланысты өзекті мәселелер қаралады.