Жаңалықтар

09.07.2015

Қаржылық нарықтар жөніндегі консультативтік комитеттің отырысы

Бет мазмұны9 шілдеде Бішкекте (Қырғызстан Республикасы) ЕЭК экономика және қаржылық саясат жөніндегі Алқасының Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия жанындағы қаржылық нарықтар жөніндегі консультативтік комитеттің отырысы орын алады. Отырысқа Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарының және бизнес-бірлестіктерінің консультативтік комитетінің мүшелері, Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметкерлері қатысады. Отырыс қатысушылары қаржылық нарықтарда іс-әрекетті жүзеге асыруға қойылатын талаптар туралы Келісіммен, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) мүше мемлекеттерінің брокерлерін және дилерлерін ұлттық қор биржаларына өзара рұқсат (аккредитация) туралы Келісім жобасымен жұмыс барысын талқылауды жоспарлауда. ЕЭО мүше мемлекеттерінде автоазаматтық жауапкершілік жаңа сақтандыру өнімін әзірлеудің мақсатқа сәйкестігіне қатысты үйлестірілген ұстанымды әзірлеу Жұмыс тобының іс-әрекеті шеңберінде Комитет мүшелері Қазақстан мен Ресейдің кәсіби ассоциацияларының жетекшілерімен бірлесіп Қазақстан Республикаының халықаралық автосақтандыру жүйесіне кіру болашағын талқылайды. Қаржылық нарықтар жөніндегі консультативтік комитетте ЕЭО территориясында валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері жөніндегі Жұмыс тобының іс-әрекетінің нәтижелерін, әрі еуразиялық интеграциялық бірлестіктің мүше мемлекеттерінің арасындағы несиелік тарихтарға кіретін деректер алмасуда өзара әрекеттесу болашағын талқылау жоспарлануда. Сондай-ақ, Комитеттің күн тәртібіне ЕЭО мүше мемлекеттерінің территорияларында валюталық шектеулерді енгізудің ерекше жағдайларына жатқызылатын экономикалық құбылыстарды бағалау әдістемесі туралы мәселе қосылды. Еуразиялық экономикалық одақтың мүше мемлекеттерінің территориясында аудиторлық қызметтердің бірыңғай нарығын жасау туралы іс-шаралар жоспарының («жол картасының») жобасын талқылау жоспарлануда. Шақырылған тұлға ретінде  Комитет отырысында салымшылар мен акционерлерді қорғау жөніндегі федералдық қоғамдық-мемлекеттік қордың басқарушысы Марат Сафиуллин  Ресей Федерациясының құнды қағаздар нарығында қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғаудың компенсациялық механизмдері мәселелері туралы сөз сойлейді. Бұған қоса, ЕЭК экономика және қаржылық саясат жөніндегі Министрі Тимур Сүлейменовтің Қырғызстан Республикасына іссапары шеңберінде ҚР қаржы Министрі Адылбек Касымалиевпен және ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік салықтық қызмет Төрағасы Замирбек Осмоновпен кездесулер өткізу жоспарлануда. Анықтама: Еуразиялық экономикалық комиссия жанындағы қаржылық нарықтар жөніндегі консультативтік комитет ЕЭК Алқасының 2012 жылдың 25 қазанындағы № 199 шешімімен жасалған. Комитет төрағасы болып экономика және қаржылық саясат жөніндегі Алқаның Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов табылады. Комитеттің іс-әрекеті Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің мүше елдерінің ең жақсы халықаралық тәріжибені ескеріп, қаржылық нарықтар  ​