Күнтізбе

16.06.2016

16 маусымда Санкт-Петербургте ПХЭФ-2016 шеңберінде «ЕАЭО және сауда әріптестері: ортақ экономикалық кеңістік» атты дөңгелек үстел өтеді

Бет мазмұныБүгінде дүниежүзілік экономикада өңірлендіру жағына қарай дрейф жүріп жатыр: ірі өңірлік бірлестіктер қалыптастырылуда және олардың арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа үлгілері жолға қойылуда. Бұл неғұрлым саламатты жаһандық экономика және ортақ экономикалық кеңістік қалыптастыруға әкеп соға ма? Немесе елдерді «жабық клубтарға» біріктіре ме және соның салдарынан сауда-экономикалық кеңістіктің фрагментациясы бола ма? Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер жаһандық экономикалық сын-қатерлерге неғұрлым тиімдірек қалайша жауап береді? Еуразияда жеке өңірлік мегажоба үшін әлеует бар ма? ЕАЭО сауда  әріптестерінің мүдделері не? Осы және басқа да мәселелерді дөңгелек үстелге қатысушылар 2016 жылы Петербург халықаралық экономикалық форумы алаңында талқылайтын болады. Сессияның модераторы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян. Баяндамашылар арасынан мына спикерлердің сөз сөйлеуі күтіледі: Кристиан Фриис Бак Еуропалық экономикалық комиссияның Атқарушы хатшысы, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Тициана Бонапаче, Солтүстік және Орталық Азия бойынша Субөңірлік бөлімше басшысы, ЭСКАТО, Татьяна Валовая, Еуразиялық экономикалық комиссия Интеграцияның және макроэкономиканың негізгі бағыттары жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі), Алексей Лихачев, Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрінің бірінші орынбасары, Дмитрий Панкин, Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) басқармасының төрағасы, Филипп Пегорье, Еуропалық Бизнес Қауымдастығы (ЕБҚ) басқармасының төрағасы; Ресейдегі Alstom президенті, Игорь Петришенко, Беларусь Республиасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі; Беларусь Республикасының Одақтас мемлекеттер, Еуразиялық экономикалық одақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберіндегі интеграциялық ынтымақтастық мәселелері бойынша арнаулы өкілі, Алексей Мордашов, «Северсталь» ЖАҚ, «Силовые машины» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының Интеграция, сауда-кеден саясаты және ДСҰ жөніндегі комитеті төрағасы, Григорий Рапота, Ресей және Беларусь Одақтас мемлекеттері Мемлекеттік хатшысы, Владимир Якунин, «Өркениеттер диалогы» Дүниежүзілік қоғамдық форумының негізін салушы- президенті, «Ресей темір жолдары» ААҚ экс-президенті, Мырзахметов Абылай, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасы, Антонио Фаллико, «Еуразияны танимыз» Қауымдастығының президенті; Интеза Банк директорлар кеңесінің төрағасы, Александр Шохин, Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының (РӨКО) президенті. ПХЭФ-2016 шеңберіндегі дөңгелек үстел 10.15-тен 11.30-ға дейін өткізіледі, G павильоны, G5 конференц-залы. Дөңгелек үстел туралы ақпараттармен мына сілтеме бойынша да танысуға болады http://www.forumspb.com/ru/2016/sections/62/materials/309/sessions/1376 БАҚ дөңгелек үстелге өзінің қатысуын мына e-mail бойынша растауды сұраймыз: zhiteneva@eecommission.org, сондай-ақ +7 (495) 669-24-00 телефоны бойынша, қос. 41-69, ЕЭК баспасөз қызметінің қызметкері Алена Житенева. БАҚ-қа арналған байланыстар Еуразиялық экономикалық комиссияның Баспасөз қызметі бөлімі бастығының орынбасарыМарина Викторовна Шкурлатоважұмыс тел.: +7 (495) 669-24-00, қос. 41-55ұялы тел.: +7-916-436-08-00 (15 маусымға дейін хабарласуға болады)ұялы тел.: +7-985-847-34-57 (15 маусымның екінші жартысынан бастап 18 маусымға дейін хабарласуға болады)shkurlatova@eecommission.orgwww.eurasiancommission.org