Жаңалықтар

22.04.2016

Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитеттің 27-отырысы

Бет мазмұны22 сәуірде Мәскеуде ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Мұқай Қадырқұловтың төрағалық етуімен Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитеттің 27-отырысы өткізіледі. Отырысқа ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының және бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері қатысады. Отырыс барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдерін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану бөлігінде кеден саласындағы жалпы процестерге қосылуы мәселелері қаралатын болады. Консультативтік комитеттің мүшелері жеке пайдалануға уақытша әкелінген көлік құралдарына қатысты электрондық пломбаларды (позициялауды қадағалап отыру жүйелерін) пайдалану мүмкіндігін талқылайды. Бұдан басқа, сарапшылар Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Біржақты тәртіппен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үшінші елдермен саудада енгізетін және қолданатын уақытша тарифтік емес реттеудің уақытша шараларының сақталуын бақылау кезінде кеден органдарының бірқалыпты құқық қолдану практикасын қамтамасыз ету туралы» ұсынымдары жобасы мен оны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қараған нәтижелерін ұсынады.