Бет мазмұныСыртқы нарыққа
сенімді мүмкіндікпен шығу қабілеті – бизнестің жетілгендігі мен табыстылығы
көрсеткіші. Мемлекетте мұндай компаниялар көп болған сайын елдің, біздің
жағдайда Одақтың экономикасы өзін сенімдірек сезінеді.
Жекелеген
компаниялардың табысты болуы мүмкін. Алайда, сала табысты болуы үшін бірқатар
салаларды кешенді түрде дамыту керек. Бәсекеге қабілеттілікті тәуелсіз
көрсеткіш ретінде қарастыруға болмайды. Мұны әлемнің жетекші экономикаларының
тәжірибесі көрсетіп отыр. Бұл тұтастай алғанда экономика жағдайын: дамыған
көліктік, логистикалық және ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымды,
ресурстарға (қаржылық, энергетикалық, шикізаттық) қолжетімділікті, адами
капиталдың дамуын, бизнес жүргізу шарттарын, саяси тұрақтылықты, сыртқы сауда
әріптестерімен орнықты іскерлік қарым-қатынастардың болуын және сыртқы
нарықтарға қолжетімділік шарттарын көрсететін фактор.
Қазіргі әлемде
қосымша артықшылықтар алу үшін экономикалар неғұрлым ірі өңірлік құрылымдарға
бірігуде. Еуразиялық экономикалық одақ осындай мысалдардың бірі болып табылады.
Тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капитал мен жұмыс күшінің ортақ нарығын
қалыптастыру кооперациялық байланыстарды дамытуға ықпал етеді. Бұл бәсекеге қабілетті
өнім өндіру үшін қосымша күш беруге тиіс әрі, өз кезегінде, негізгі және
перспективалы әріптестермен сауда қатынастары мен келісімдер жүйесін
қалыптастыру кезінде негіз болады.
Дөңгелек үстелдің
мақсаты – Одақ экспортының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған,
біздің интеграциялық кеңістікте кооперацияны дамыту мен тереңдету жөнінде
шешімдер ұсыну.
Дөңгелек үстел
барысында қатысушылар Одақта кооперацияны дамыту және сыртқы нарықтарға дайын
өніммен шығу мәселелерін талқылайды, перспективалы тауарларды таңдауды
оңтайландыру және бәсекеге қабілетті өнімді сыртқы нарықтарға ілгерілету үшін
мемлекет пен бизнестің өзара іс қимылын қалай жетілдіру туралы пікірлер
алмасады, Одақтың шағын және орта кәсіпорындары сарапшыларының табыстары
тарихын, олардың экспортты қолдау туралы неғұрлым тиімді шаралар мен құралдар
туралы пікірлерін, ұлттық үкіметтер мен Одақ деңгейінде өз мүдделерін
ілгерілету үшін бизнесті шоғырландыру нысандары, сарапшылардың анағұрлым
перспективалы өткізу нарықтары жөніндегі бағасын тыңдайды, сондай-ақ экспортты
дамытуға жәрдемдесу бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның мүмкіндіктері
туралы білетін болады.
Талқылауға арналған
тақырыптар
– Одақта кооперацияны
күшейту:
бірінші кезектегі
шаралар;
– Одақ елдерінің
ұлттық бизнес-қауымдастықтарды құру жөніндегі тәжірибесі (Одақтың біріккен
бизнесі – табыс кілті);
– бизнестің сұрауы
негізінде негізгі және перспективалы әріптестермен сауда қатынастары мен
келісімдері жүйесін қалыптастыру;
– Халықаралық
нарықтарға шикізаттық емес/жоғары технологиялы өнімді экспорттаушы – Одақ
ШОК-тің табысты жұмысының тәжірибесі;
– Одақ өндірушілері
үшін халықаралық нарықтардағы неғұрлым қызықты тауашалар. Әлемдік нарықтар
сұранысының географиясы мен номенклатурасы. Бәсекелестік және қолжетімділік шарттары;
– Экспортты
мемлекеттік қолдаудың тиімді және анағұрлым қажетті құралдары;
– Одақтың экспорттық
мүмкіндіктерін арттыра түсуге көмектесе алатын шаралар туралы бизнес пен
биліктің пікірталасы.
Қатысушылар
Шағын
және орта кәсіпорындардың өкілдері;
Экспорт
пен кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік органдарының өкілдері;
Мемлекеттің
қолдауымен құрылған мамандандырылған институттардың өкілдері (Қазақстанның
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, БР СКП, РЭО, ЭКСАР, Росэксимбанк, Шағын және орта бизнесті қолдау агенттігі,
экспортты қолдаудың өңірлік орталықтары және т.б.);
Даму
банкі;
Мемлекетаралық
банк;
Еуразиялық
даму банкі;
Кәсіпкерлердің
қоғамдық ұйымдары, қауымдастықтары мен одақтары;
Ғылыми
және сарапшылық топтар, мамандандырылған жоғары оқу орындары;
Одақ
елдерінің экономикалық тақырыптары бойынша журналист - шолушылар