Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермоловичтің Greater European Economic Spaсе бастамасы басқармасының төрағасы Ульф Шнайдермен 3 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде болып өткен кездесуінде осы туралы сөз болды.
Максим Ермолович бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша Еуропалық әріптестермен өзара іс-қимылды жалғастыруға және бәсекелестікке қарсы келісімдерді қарау тәжірибесімен алмасуға дайындықты білдірді.
"Бәсекелестік — ЕАЭО мемлекеттері мен Еуропа елдерінің өзара пайдалы ынтымақтастығының саласы. Біздің кездесуіміз Берлинде өткен 22-ші халықаралық бәсекелестік конференциясының аясында Германия, Мысыр бәсекелестік ведомстволарының басшыларымен және ЮНКТАД бәсекелестік бөлімшелерімен болған диалогтың жалғасы болып табылады. Біз кәсіби диалогтың, тәжірибе алмасудың, кадрларды даярлау бағдарламаларына және Еуропа мен Азияның бәсекелестік ведомстволарының халықаралық іс-шараларына өзара қатысудың маңыздылығын атап өтеміз",- деді ЕЭК министрі.Тараптар Еуразиялық және Еуропалық бизнес арасындағы диалогты дамыту мүмкіндігін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия ұйымдастыратын іс-шараларға Еуропалық одақтың бәсекелестік саласындағы заңнамасы мен саясаты бойынша сарапшылардың қатысу перспективаларын талқылады.
"Әртүрлі өңірде өткізетін кездесулерімнен алған жеке әсерім бизнес-қоғамдастықтың сарапшылық деңгейде өзара іс-қимылды бастауға деген үлкен ұмытылысы бар екендігіне саяды",- деп атап өтті Ульф Шнайдер.