Жаңалықтар

25.05.2023

Мемлекет басшыларына 2022 жылғы 2025-Стратегиясын іске асыру нәтижелері ұсынылды

25 мамырда Мәскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мемлекет басшыларына 2022 жылдың қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру туралы баяндама ұсынылды.

Баяндамада атап өтілгендей, 2025-Стратегиясын іске асырудың екінші жылы экономикалық қиын кезеңге келді, Ресей мен Беларуське қарсы енгізілген санкциялар Одақтың жұмысына әсер етті. «Алайда, экономикалық өсуді қамтамасыз ету және стратегияны іске асыру жөніндегі бірлескен күш-жігердің арқасында көптеген көрсеткіштер, яғни ЖІӨ, өнеркәсіптік өндіріс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және басқалары бойынша тұрақтандыруды немесе оң үрдістерді қамтамасыз етуге мүмкіндік болды», — делінген баяндамада.

Анықтама

ЕАЭО-дағы ЖІӨ-нің нақты көлем индексі 2023 жылғы қаңтар-наурызда алдын ала бағалау бойынша 2022 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 98,8% құрады.

ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 2023 жылы өсуін жалғастыруда. Бірінші тоқсандағы өсім 2,9% құрады. Өсім ЕАЭО-ның барлық елдерінде байқалды.

ЕАЭО-ның өнеркәсіптік өндіріс көлемі үш айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,5% құрады. Қырғызстанда (+7,6%), Арменияда (+3,6%), Қазақстанда (+2,8%) және Беларуссияда (+1,8%) өнеркәсіп өндірісінің өсуі байқалды.

Өсудің оң динамикасын өзара сауда көрсетіп отыр. 2023 жылғы қаңтар-наурыз айларында Одақ мемлекеттері арасындағы өзара сауда көлемі 20%-дан аса өсті.