28-29 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян Армения Республикасында жұмыс сапарымен болып, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Төрағасы, Армения Республикасының вице-премьер-министрі Мгер Григорянмен, Армения Республикасының Экономика министрі Геворг Папоянмен, министрліктің басқа да лауазымды адамдарымен кездесу өткізді.
Мгер Григорянмен кездесу барысында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Төрағасы, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинянның ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшыларына үндеуінде баяндалған Армения Республикасының ЕАЭО органдарында төрағалық етуінің басымдықтарын іске асыру мәселелері талқыланды.
Тараптар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы секторы саласында ЕАЭО шеңберіндегі тең құқықты ынтымақтастықты өсіре түсудің және ЕАЭО-ның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды.
Экономика министрі Геворг Папоянмен және Экономика министрінің орынбасары Арман Ходжоянмен кездесуде де ЕАЭО-да өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерінің кең спектрі және Еуразиялық экономикалық интеграцияның күн тәртібінің бірқатар басқа мәселелері қаралды.
ЕЭК министрі Армения Экономика министрлігінің басшылығын Одақта өнеркәсіпте бірлескен кооперациялық жобаларды мүше мемлекеттердің іске асыруы кезінде қаржылық жәрдемдесу механизмін іске асыру барысы, мемлекетаралық бағдарламалар мен жобалар механизмін қайта іске қосу, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы цифрлық шешімдер туралы хабардар етті.
Гоар Барсегянның Армения Республикасы Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі инспекциялық органының басшысы Армен Айрапетянмен кездесуінде агроөнеркәсіптік кешен мәселелері, соның ішінде Тұқым айналысы туралы келісімге ГИМ-тұқым (құрамында гендік-инженерлік материал бар сұрыптардың генетикалық бағдарламасы) бөлігінде өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.