ЕАЭО мемлекеттері 2015 жылғы 16 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттамада көзделген тауарларды есепке алу жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Еуразиялық үкіметаралық кеңес тиісті өкім қабылдады.
Өкімді іске асыру кейіннен алып қою тізбесіне енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге әкету кезінде құжаттардың қағаз көшірмелерінен бас тартуға мүмкіндік береді, бұл Қазақстанның бизнесіне түсетін жүктемені азайтады, сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттерінің уәкілетті органдарына қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, тауарларды Одақ ішінде өткізудің заңдылығын бақылауды жедел жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
«Одақ құқығын орындауға нұқсан келтірмей бақылау жүктемесін төмендету үшін оңтайлы шешімдерді іздеу мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыру жөніндегі шараларды іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның басым міндеттерінің бірі болып табылады», - деп атап өтті ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Максат Мамытканов.