Жаңалықтар

22.08.2022 (Обновлено: 29.08.2022 12:03)

ЕАЭО елдерінің Ресейде болу мерзімі аяқталатын азаматтары көші-қон есебін ұзартуға тиіс

Ресей Федерациясында COVID-19 пандемиясының салдарын еңсеру кезеңіндегі шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайын реттеу жөніндегі уақытша шаралардың қолданылуы тоқтатылады.

2021 жылғы 16 маусымнан бастап Ресей Федерациясында шетел азаматтарының (ЕАЭО елдерінің азаматтарын қоса) уақытша болу мерзімдерінің өтуін және оларды ұзарту үшін іс-қимыл жасау қажеттілігінсіз келген жері бойынша есепке қою мерзімдерін тоқтата тұру жөніндегі уақытша шаралар қолданылады. Ресей Федерациясы Президентінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 364 Жарлығына сәйкес, бұл шаралар Ресей Федерациясы енгізген шет мемлекеттермен көлік қатынасына уақытша шектеулерді алып тастаған күннен бастап 90 тәулік өткенге дейін қолданылады. 

Ресей Федерациясы Үкіметінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 1253-ө өкімімен бұл шектеулер Беларусь Республикасына, Қазақстан Республикасына қатысты алып тасталды, ал Ресей Федерациясы Үкіметінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 1454-ө өкімімен Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасына қатысты алып тасталды. 

Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Ресей Федерациясында болу мерзімі аяқталатын және еңбек шарты негізінде оны ұзартуға негіз бар азаматтарының көші-қон есебін ұзартуы керек дегенді білдіреді. 

Болу мерзімі аяқталған және оны ұзартуға негіз жоқ азаматтар болу мерзімі аяқталғанға дейін Ресей Федерациясынан шығып кетуі керек:

– Беларусь Республикасының және Қазақстан Республикасының азаматтары үшін — 2022 жылғы 17 тамызға дейін ;

– Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасының азаматтары үшін — 3 қыркүйекке дейін. 

ЕАЭО елдері азаматтарының назарын Ресей Федерациясының аумағында уақытша болу мерзімін ұзарту негіздерінің бірі — еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасасу болып табылатындығына аударамыз. 

Анықтама

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 97-бабының 5-тармағына сәйкес мүше мемлекет еңбекшісінің және оның отбасы мүшелерінің жұмысқа орналасу мемлекетінің аумағында уақытша болу (тұру) мерзімі мүше мемлекет еңбекшісінің жұмыс берушімен және (немесе) жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс берушімен жасасқан еңбек немесе азаматтық-құқықтық шартының қолданылу мерзімімен айқындалады.