Жаңалықтар

29.05.2023 (Обновлено: 01.06.2023 09:32)

ЕАЭО бойынша өнеркәсіп өнімін өндірушілер бағасының индексі 2023 жылдың басынан бері 104,4% -ды құрады

Еуразиялық экономикалық одақ бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасының индексі 2023 жылғы сәуірде 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,4%, ағымдағы жылғы наурызбен салыстырғанда 102% құрады.

Желтоқсан айымен салыстырғанда «электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау» қызмет түрі бойынша өндірушілер бағасының айтарлықтай 8,3%-ға өскені байқалды. Бұл ретте «сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау» қызметтер түрі бойынша өндірушілердің бағасы 5,6%-ға, тау -кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 4,1%-ға, өңдеу өнеркәсібінде 3,9%-ға өсті.

Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Өнеркәсіп өнімін өндірушілер бағасы» бөлімінде берілген.