Жаңалықтар

29.11.2024

ЕЭК Кеңесінің 2024 жылғы 29 қарашадағы отырысының қорытындылары

29 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің вице-премьерлері деңгейінде ЕЭК Кеңесінің отырысы болып өтті.

ЕЭК Кеңесі Армения Республикасы мен Ресей Федерациясына сары май әкелуге жарты жылға тарифтік жеңілдік берді.

ЕАЭО-да мүше мемлекеттің уәкілетті органының бастамасы бойынша дәрілерді тіркеудің жаңа рәсімі пайда болады.

Әлеуметтік маңызы бар жеміс-көкөніс өнімдерінің кейбір түрлері маусымаралық кезеңде кедендік әкелу бажын төлеуден босатылады.

ЕЭК Кеңесі парфюмериялық-косметикалық өнімге арналған техникалық регламентке өзгерістерді қабылдады.

ЕАЭО-да электронды халықаралық көлік жүкқұжаттарын пайдалану бойынша пилоттық жобаны іске қосуға дайындық қамтамасыз етілді.

ЕАЭО 2025 жылы өнеркәсіптік өңдеу үшін ірі қара малдың етін әкелуге тарифтік жеңілдік береді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (ҒЗЖ)жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер саласындағы әкімшілік ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын мақұлдады, ол бұған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерден өту үшін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жіберілді.

ЕАЭО ортақ биржалық кеңістікке жақындап келеді