Жаңалықтар

19.05.2022 (Обновлено: 27.05.2022 13:19)

19 мамырдағы ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындылары

Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде 19 мамырда Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары Арзыбек Кожошевтың төрағалық етуімен өткен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ еркін сауда туралы келісім жасасқан елдерден әкелінетін тауарлардың шығарылуын құжаттық растау рәсімін оңайлату туралы шешім қабылданды.

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО елдері аумағында күнтізбелік жыл ішінде өткізілген темекі бұйымдары мен олар бөліп шығаратын заттардың құрамы туралы есептің нысанын бекітті.

ЕЭК Кеңесі Медициналық бұйымдарды тіркеу және қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін сараптау қағидаларына өзгерістер енгізді.

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-дағы фармакологиялық қадағалаудың тиісті практикасы қағидаларының жаңа редакциясын бекітті.

ЕЭК Кеңесі доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы техрегламентке түзету енгізу туралы шешім қабылдады. 

ЕЭК Кеңесі тауарға арналған декларация берілгенге дейін шығару мәлімделуі мүмкін тауарлар санатының тізбесін кеңейті. 

ЕЭК Кеңесінің келесі отырысы 10 маусымда Нұр-Сұлтанда көзбе-көз форматта болады.