05.10.2021
5 қазандағы ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындылары
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 5 қазандағы отырысында Одақтың кедендік шекарасында және Одақтың кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге толықтырулар енгізді. Олар ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының электрондық түрде ресімделген ветеринариялық сертификаттарды пайдалануы туралы норманы көздейді. ЕЭК Кеңесі ЕАЭО елдерінде тұқым және көшет материалының импортына сынамды тәуелділік бар ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін мақұлдады.
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы алып қоюлар мен шектеулерді жою жөніндегі жол картасын бекітті. Қоса алғанда 2022 жылғы желтоқсанға дейін есептелген құжат 35 іс-шараны қамтиды.
ЕЭК Кеңесі Комиссияға ЕАЭО елдерінің үкіметтерімен бірлесіп, арналым елі қағидаты бойынша өзара электрондық сауда шеңберінде жанама салықтар алуды көздейтін ұсыныстар дайындауды тапсырды.
ЕЭК Кеңесі Комиссияға ЕАЭО елдерінің үкіметтерімен бірлесіп цифрлық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалауға қатысты Одақ құқығына өзгерістер енгізуді тапсырды.
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-ның «Азаматтық қорғаныс және табиғи әрі техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатына арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін қабылдады.
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-ның бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарына өзгерістерді бекітті. Комиссия Кеңесінің шешімімен картоп пен қант қызылшасының тұқымына, зәйтүн ағашының, теректің, фуксияның, қалампырдың, асқабақ дақылдары мен пияздың көшеттеріне қойылатын, бұрын Бірыңғай талаптарда болмаған арнаулы талаптар бекітілді.
ЕЭК Кеңесі 2019 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген «Табиғи минералды суды қоса алғанда, қаптамадағы ауыз судың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке өзгерістерді бекітті. «Борлы» табиғи минералды суы тобындағы «бор» биологиялық белсенді компонентінің шоғырлануы түзетілді.
ЕЭК Кеңесінің келесі отырысы 29 қазанда болады.