Жаңалықтар

07.03.2023

Ыдысқа құйылған ауыз суға арналған ЕАЭО техникалық регламентіне мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарлама өзгертілді

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы «Табиғи минералды суды қоса алғанда, ыдысқа құйылған ауыз судың қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламаға өзгерістер енгізді.


Атап айтқанда Бағдарламадан 36 позиция алынып тасталды, өйткені тиісті мемлекетаралық стандарттар әзірленді. 32 позиция бойынша ұлттық бағдарламалар мен стандарттау жөніндегі жоспарларды ескере отырып, мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу мерзімдері өзгертілді. Бағдарлама мемлекетаралық стандарттарды қайта қарау жөніндегі 27 позициямен және Одақ мемлекеттерінің ұлттық стандарттары, стандарттау саласындағы әдістемелер мен басқа да құжаттар негізінде мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі 5 позициямен толықтырылды.

Өзгерістерді енгізу туралы шешім оны ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.