тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Выберите язык
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6574

30 майдың 2025 Максим Ермолович: "Бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулері әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатты тұжырымдауға көмектеседі" Еуразиялық экономикалық комиссия Мысырдың бәсекелестік ведомствосының қолдауымен Каирде бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдар өкілдерінің жұмыс кездесуін өткізді. Оған ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович қатысты. ЕЭК бейіндік блогының бастамасы бойынша дәстүрге айналған мұндай іс-шаралар халықаралық өңірлік ұйымдарға өзекті мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастық жасауға, жұмыс тәжірибесімен алмасуға көмектеседі. Бәсекелестікті тиімді реттеу практикасы осы бесінші кездесуге қатысушылардың басты назарында болды. "Біз өңірлік ынтымақтастықтың артықшылықтарын ілгерілетеміз, өңіраралық диалогты нығайтамыз және кеңейтеміз, озық бәсекелестік практиканы әр өңірдің қажеттіліктеріне бейімдейміз, жаңа идеялар қалыптастырамыз, бұл сайып келгенде әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатқа алып келеді", – деп санайды Максим Ермолович.    ЕЭК бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулерін өткізуді жалғастыратын болады. Бесінші кездесуге Мысыр бәсекелестік ведомствосының төрағасы, ЮНКТАД, Шығыс және Оңтүстік Африканың Ортақ нарығы, Шығыс Африка қоғамдастығы, Батыс Африка экономикалық және валюта одағы, Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қоғамдастығы, Араб бәсекелестік желісі, Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы, БРИКС және Кариб қоғамдастығы өкілдері қатысты.
16 майдың 2025 Андрей Аксенов ЕЭК-тің Қаржы саясаты департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды Андрей Николаевич Аксенов 1973 жылы Минскіде туған. 1995 жылы Белорус мемлекеттік университетін "Радиофизика және электроника" мамандығы бойынша бітіріп, 1996 жылы Белорус мемлекеттік университетінде "Экономикалық кибернетика" мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. Еңбек жолын 1995 жылы Беларусь Республикасы Ұлттық банкінің Банкаралық валюта биржасында бастап, қаржы нарығын талдаушының көмекшісінен қор бөлімінің бастығына дейінгі еңбек жолынан өтті. 1999-2016 жылдары "Беларусь валюта-қор биржасы" ААҚ-да басшылық лауазымдарда болды. 2017 жылғы қаңтардан 2019 жылғы шілдеге дейін Беларусь Республикасы Қаржы министрлігінің Бағалы қағаздар департаментінде басшылық лауазымдарды атқарды. 2019 жылғы тамыздан 2025 жылғы мамырға дейін "Бағалы қағаздардың республикалық орталық депозитарийі" республикалық біртұтас кәсіпорнының директоры болды. 2023 жылы Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Басқару академиясын "Ұлттық экономиканы мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша бітірді. Әртүрлі елде (Германия, Австрия, Түркия, Чехия, Польша) қаржы нарықтарын ұйымдастыру бойынша бірқатар курс пен тағылымдамадан өтті. Беларусь Республикасы Қаржы министрлігінің, Беларусь Республикасының Министрлер Кеңесі жанындағы Бағалы қағаздар комитетінің, "Беларусь валюта-қор биржасы" ААҚ грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған. 2025 жылғы 12 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы саясаты департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.
16 майдың 2025 Арзыбек Кожошев: "Көлік пен логистика — орнықты Еуразиялық интеграцияның түйінді элементтері" Дубайда (БАӘ) өткен 12-ші Жаһандық логистикалық конференцияның пленарлық сессиясы барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның Көлік және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев баяндама жасап, онда Еуразиялық экономикалық одақтың көлік-логистикалық кеңістігін дамытудың басымдықтарын айқындап көрсетіп берді. Министр жаһандық экономикадағы өзгерістер аясында орнықты логистикалық тізбектер, инфрақұрылымның ұштасуы және көлік саласының цифрлық трансформациясы ерекше маңызға ие болып отырғанын атап көрсетті. Бұл бағыттар Одаққа мүше мемлекеттер экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды әлемдік нарықтарға интеграциялау үшін негіз болады. "Бүгінде, бұрынғы қай кездегіден де, келісілген шешімдер мен инфрақұрылымға инвестициялар қажет. Тиімді, жіксіз және цифрлық логистикалық маршруттарды қалыптастыру — ЕАЭО үшін де, біздің әріптестеріміз үшін де басымдық", — деп атап өтті министр. Арзыбек Қожошев сондай-ақ ЕЭК-тің көлік және логистика саласындағы жүргізіліп жатқан жұмысы, сондай-ақ ЕАЭО-ның институционалдық бастамалары: электрондық көлік жүкқұжаттарын (e-CMR) ендіру, интеллектуалды көлік жүйелерін дамыту, Еуразиялық көлік дәліздерін дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру туралы ақпаратты ұсынды. "Көлік және логистика — қазіргі әлемнің даму драйвері. Бұлардың сенімділігіне жеткізілімдердің жылдамдығы ғана емес, экономиканың орнықтылығы, азық-түлік және өнеркәсіптік қауіпсіздік, елдер арасындағы сенім де байланысты", — деп атап көрсетті Арзыбек Қожошев. Министр әріптестермен жаһандық логистикалық архитектураны нығайтуға бағытталған диалогты тереңдетуге дайын екенін білдірді.
16 майдың 2025 Гоар Барсегян өнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимылды дамыту үшін ЕАЭО мен БРИКС-тің жүйелі диалогын жолға қоюды ұсынды 15 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және АӨК жөніндегі министрі Гоар Барсегян БРИКС Әйелдер кәсіпкерлігі форумының "БРИКС және халықаралық институттар: күш-жігерді біріктіру — орнықты болашақтың кепілі" панельдік сессиясында сөз сөйледі. Сессия қатысушыларының назарында БРИКС күн тәртібінің ЕАЭО, ЮНИДО, ШЫҰ, АСЕАН, МЕРКОСУР және басқа да халықаралық ұйымдармен интеграциясы мәселелері болды. Гоар Барсегян БРИКС елдерімен әлемдік экономиканың жаңа конфигурациясы локомотивтерінің бірі ретінде жүйелі диалогты дамыту Комиссияның негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. "Осыны ескере отырып, өнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимылды дамыту мақсатында Одақтың БРИКС-пен жүйелі диалогын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жолға қоюды ұсынамын", — деп атап көрсетті ЕЭК министрі. Форумға 30-дан астам елдің халықаралық ұйымдары мен кәсіпкерлік қоғамдастығының басшылары қатысты.
16 майдың 2025 ЕЭК өкілдері Дүниежүзілік кеден ұйымының техникалық комитеттерінің отырыстарына қатысты Еуразиялық экономикалық комиссияның делегациясы қайта қаралған Киото конвенциясының және Тұрақты техникалық комитеттің Басқарушы комитетінің Брюссельде Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) штаб-пәтерінде болып өткен отырысына қатысты. Іс-шараға ДКҰ Хатшылығының, мүше мемлекеттердің шетелдік кеден әкімшіліктерінің, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен академиялық топтардың өкілдері қатысты. ЕЭК Кеден блогының өкілдері "ақылды кеден" институтын дамытудың, перспективалы кедендік технологияларды, "бірыңғай терезе" механизмін, электрондық коммерцияны, уәкілетті экономикалық операторды ендірудің, шығару уақытын зерттеудің, сондай-ақ кеден органдары қызметінің тиімділігін бағалау механизмін іске асырудың өзекті мәселелері бойынша позицияларын айтып білдірді. Брюссельге сапар барысында ДКҰ стандарттарын одан әрі жетілдірудің стратегиялық бағыттары, сондай-ақ ЕЭК пен ДКҰ-ның кедендік реттеу және сауда рәсімдерін оңайлату саласындағы диалогын дамыту талқыланды. Еуразиялық экономикалық комиссия мен Дүниежүзілік кеден ұйымы Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде халықаралық стандарттар негізінде кеден заңнамасын жетілдіру, кедендік әкімшілендірудің тиімді әрі қазіргі заманғы стандарттарын әзірлеу және т. б. сияқты бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады.
15 майдың 2025 Арзыбек Кожошев Жаһандық логистикалық альянстың президенті Грейс Санмен кездесті 15-18 мамырда Дубайда (БАӘ) өткен 12-ші Жаһандық логистикалық конференция аясында Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошевтің Жаһандық логистикалық альянстың президенті Грейс Санмен жұмыс кездесуі болып өтті. Кездесу барысында тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады және Конференцияның дәстүрлі алаңы Еуразиялық көлік дәліздерін дамытуға және ЕАЭО елдерінің көлік саласындағы басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруына ықпал ететінін атап өте келіп, бұдан арғы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарын баса көрсетті. "Еуразиялық экономикалық комиссия диалогқа, әріптестікке және тәжірибе ауысуға ашық.  Біз сіздерді стратегиялық бастамалар деңгейінде де, нақты жобалар шеңберінде де белсенді өзара іс-қимылға шақырамыз", — деп атап өтті Арзыбек Кожошев. Сондай-ақ, тараптар мүдделі мемлекеттік органдарды, халықаралық ұйымдар мен бизнес-қоғамдастықты тарта отырып, кезекті Жаһандық логистикалық конференцияны Астанада (Қазақстан Республикасы) өткізу мүмкіндігін талқылады.
Тағы да көрсету