Жаңалықтар

21.05.2021 (Обновлено: 29.12.2021 11:14)

Ішкі нарықтағы тосқауылдар саны барынша төмен белгісіне жетті

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ЕАЭО мемлекеттерінің басшыларына 2020 жыл ішіндегі кедергілерді жою жұмысының нәтижелері, сондай-ақ осы бағыттағы қызметті одан әрі дамыту перспективалары ұсынылды.


ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары ортақ нарықтарды нығайту, ішкі саудада тосқауылдар мен шектеулерді анықтау және жою жөніндегі жұмыс дәйекті, нысаналы әрі тоқтаусыз сипатта жүргізілетінін атап өтті. Нәтижесінде соның ішінде мүше мемлекеттер арасындағы тауар айналымы үстіміздегі жылғы қаңтар-наурызда 17% артты.

Баяндамада айтылғандай, өткен жылы 12 тосқауыл және тосқауыл белгілері бар 3 кедергі жойылды.

ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Гегам Варданян атап өткендей, 2020 жылы барынша көп тосқауыл жойылды, бұл теңдесі жоқ жағдай — өзінше бір рекордтық көрсеткіш болып табылады.

«2016 жылдан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықтағы кезеңде Одақтың ішкі нарығында бұрынғы басым бағаланған 63 тосқауылдың ішінен 51 тосқауыл және тосқауыл белгілері бар 3 кедергі жойылды. Сөйтіп, бүкіл жұмыс уақыты ішінде барлық басым бағаланған тосқауылдардың 81%-ы жойылды», — деп атап көрсетті.


ЕЭК министрінің сөзінше, мұнда Комиссияның жәрдемдесуімен жоғары нәтижелер көрсеткен Одақтың барлық елінің еңбегі бар. Бұл үрдіс интеграциялық бірлестіктің нарықтарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін өте маңызды.

Атап айтқанда, ол жеті тосқауыл мен тосқауыл белгілері бар үш кедергіні жойған Ресей Федерациясының жұмысын атап өтті.

Ішкі нарықтағы жойылған тосқауылдар, бірінші кезекте, салық салу, агроөнеркәсіптік кешен, техникалық және кедендік реттеу мәселелерін қозғады.

Еуразиялық экономикалық комиссия Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуін, соның ішінде кедергілерді жою саласында базалық құжаттарды дайындау арқылы қамтамасыз ету жұмысының аспаптарын дамытады.

Мәселен, Одақтың ішкі нарығында кедергілерді тосқауылға, алып қоюға және шектеуге бөлу және тосқауылдарды жойылды деп тану әдіснамасының жаңа редакциясына сай шешім қабылдау мерзімі елеулі қысқарады.

Енді тосқауыл немесе шектеу белгілерінің бар болуы туралы қорытындыны Комиссияға тиісті мәліметтер түскен сәттен бастап 70 күн ішінде дайындау қажет.

Ұқсас процестер басқа интеграциялық бірлестіктерде бұдан да ұзақ мерзімге созылатынын атап өткен жөн.