Басты бет
/
Жаңалықтар
/
ЕЭК Алқасы мемлекеттік сатып алу кезінде ЕАЭО елдерінің электрондық цифрлық қолтаңбасын өзара тану жоспарын қабылдады
ЕЭК Алқасы мемлекеттік сатып алу кезінде ЕАЭО елдерінің электрондық цифрлық қолтаңбасын өзара тану жоспарын қабылдады
12.10.2021
«Жоспар шынында бірқатар түйінді іс-шараларды көздейді, оларды іске асыру Одақтағы қазіргі бұрыннан бар тосқауылды ақыры алып тастауға мүмкіндік береді және әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысуға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді»,- деп атап өтті министр.
Комиссия сарапшылары мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өкілдерімен бірлесіп проблемалық мәселелерді реттеуге және қорытынды құжатқа кірістірілген іс-шаралар бойынша бәтуаластыққа қол жеткізді.
«Біздің елдермен бірлескен болашақ жұмыс майданымыз - ЭЦҚ-ны өзара танудың бірыңғай қағидаларын әзірлеу және олардың түпнұсқалығын тексеру, сондай-ақ ЭЦҚ-ның өзіне қойылатын талаптар. Бұл қағидаларды екі жыл ішінде қабылдау жоспарланып отыр. Одақ құқығын = ЕАЭО туралы шартты, ЕЭК Жұмыс регламентін жетілдіру жөніндегі жұмыс осымен қатарлас жүретін болады, өйткені Комиссия Кеңесіне ЭЦҚ-ны өзара тану қағидаларын бекіту жөнінде өкілеттіктер беру, сондай-ақ сатып алу процестерін барынша цифрландыру мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін түзету талап етіледі»,- деп түсіндірме жасады Арман Шаққалиев.
Бұдан бөлек, жоспарға қатысушы елдердің шетелдік ЭЦҚ-ны тану мәселелері бойынша ЕЭК-ке ақпарат беру үшін жауапты уәкілетті органдарды айқындауын көздейтін тармақтар кірген. Сөз түпнұсқалықты тексеруді жүзеге асыратын сенім білдірілген үшінші тараптар, ЭЦҚ-ның сертификатталған құралдары және әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысуын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын ақпаратты криптографиялық қорғау жайында болып отыр.