Նորություններ

12.10.2021 (Обновлено: 16.02.2022 14:24)

ЕЭК Алқасы мемлекеттік сатып алу кезінде ЕАЭО елдерінің электрондық цифрлық қолтаңбасын өзара тану жоспарын қабылдады

Құжаттың қабылдануы Еуразиялық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген. ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиевтың сөзінше, ЭЦҚ-ны өзара тану мемлекеттік сатып алу саласындағы ең көп талқыланатын және сезімтал мәселенің бірі болып табылады.

«Жоспар шынында бірқатар түйінді іс-шараларды көздейді, оларды іске асыру Одақтағы қазіргі бұрыннан бар тосқауылды ақыры алып тастауға мүмкіндік береді және әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысуға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді»,- деп атап өтті министр.


Комиссия сарапшылары мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өкілдерімен бірлесіп проблемалық мәселелерді реттеуге және қорытынды құжатқа кірістірілген іс-шаралар бойынша бәтуаластыққа қол жеткізді.
«Біздің елдермен бірлескен болашақ жұмыс майданымыз - ЭЦҚ-ны өзара танудың бірыңғай қағидаларын әзірлеу және олардың түпнұсқалығын тексеру, сондай-ақ ЭЦҚ-ның өзіне қойылатын талаптар. Бұл қағидаларды екі жыл ішінде қабылдау жоспарланып отыр. Одақ құқығын = ЕАЭО туралы шартты, ЕЭК Жұмыс регламентін жетілдіру жөніндегі жұмыс осымен қатарлас жүретін болады, өйткені Комиссия Кеңесіне ЭЦҚ-ны өзара тану қағидаларын бекіту жөнінде өкілеттіктер беру, сондай-ақ сатып алу процестерін барынша цифрландыру мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін түзету талап етіледі»,- деп түсіндірме жасады Арман Шаққалиев.

Бұдан бөлек, жоспарға қатысушы елдердің шетелдік ЭЦҚ-ны тану мәселелері бойынша ЕЭК-ке ақпарат беру үшін жауапты уәкілетті органдарды айқындауын көздейтін тармақтар кірген. Сөз түпнұсқалықты тексеруді жүзеге асыратын сенім білдірілген үшінші тараптар, ЭЦҚ-ның сертификатталған құралдары және әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысуын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын ақпаратты криптографиялық қорғау жайында болып отыр.