Жаңалықтар

15.03.2023 (Обновлено: 16.03.2023 16:31)

ЕЭК тамақ өнімдеріне арналған техрегламентте қабылданған өзгерістерге өтпелі ережелер белгіледі

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 173 шешімімен қабылданған «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне енгізілген өзгерістерге өтпелі ережелер белгіледі.


2011 жылы қабылданған «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» одақтық техникалық регламентінде белгіленген міндетті талаптарға сәйкес Одақтың кедендік аумағында тамақ өнімдерін өндіру және айналымға шығару үшін рұқсат берілетін 24 айды өтпелі кезең деп белгіледі.

 Дайындаушы белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде мұндай өнімдерді айналымға шығаруға рұқсат етіледі.

Техникалық регламентке енгізілген өзгерістер шоколадқа, шоколад өнімдеріне және какао өнімдеріне қосымша талаптарды белгілеуге қатысты.

Көрсетілген өзгертулер 2023 жылы 25 шілдеде күшіне енеді.