Жаңалықтар

17.04.2025

Комиссия мұнай-газ машиналарын жасайтын өндірісшілерді өнеркәсіптік кооперация жобаларын қаржыландыру механизмін пайдалануға шақырады

Еуразиялық экономикалық комиссия және Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы Еуразиялық мұнай-газ форумы аясында "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде мұнай-газ жабдығын өндіру саласындағы кооперациялық ынтымақтастықты дамыту туралы" бірлескен дөңгелек үстел өткізді.

Саланың өзекті мәселелері, соның ішінде ЕАЭО кәсіпорындарының ынтымақтастығындағы тосқауылдарды жою жайы талқыланды.

ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Виталий Вовк 2030 жылға дейінгі ЕАЭО шеңберіндегі Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына сәйкес тмұнай-газ машиналарын жасау Одақ елдерінің өзара іс-қимылының басым саласының бірі болып табылатынын атап өтті.

Өнеркәсіптік кооперация жобаларын қаржыландырудың жаңа құралының ойдағыдай іске қосылуын ескере отырып, Комиссия өкілі бизнеске мүше мемлекеттердің үш немесе одан да көп кәсіпорны арасында кооперациялық байланыс құруды жандандыруды ұсынды.

"Комиссия ЕЭК Алқасы ұсынымының жобасын әзірледі, ол Одақ елдерін мұнай-газ жабдығын өндіру саласындағы жобаларды іске асыру кезінде өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландырудың жаңа механизмін пайдалану мүмкіндіктерін ескеруге бағдарлайды", — деп түйіндеді Виталий Вовк.