Жаңалықтар

10.04.2024 (Обновлено: 12.04.2024 16:02)

Максим Ермолович: «ЕЭК мемлекеттік сатыпалымды ЕАЭО-ның ортақ нарығындағы бәсекелестік негізінде қамтамасыз етуге ұмтылады"

10 сәуірдегі кездесуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович пен Ресей Федерациясының Қаржы министрі Антон Силуанов Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік сатыпалымға өзара қатысу мәселелерін қарады.

"Комиссияның елдермен бірлесіп неғұрлым тиімді механизмдерді іздеуі талап етілетінін түсіну үшін мемлекеттік сатыпалымға өзара қатысуға әсер ететін себептер мен факторларға талдау жүргізген маңызды", – деді ЕЭК министрі.
Максим Ермоловичтің сөзінше, ЕАЭО-да бір мүше мемлекеттің тауарларының немесе өнім берушілерінің екіншісінің сатыпалымына қатысуын арттыру үшін айтарлықтай әлеует бар, ол үшін Комиссия мемлекеттік сатыпалымға рұқсат берудің проблемалық мәселелерін тиісті талдау және азайту жұмысын жүргізеді.

"Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі ЕАЭО-да мемлекеттік сатыпалымды өткізу кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығын дамыту жұмысына қатысуға дайын", – деп атап көрсетті Антон Силуанов.
ЕАЭО-дағы сатыпалым кезінде мүше мемлекеттердің бизнесі тап болатын басқа өзекті мәселелерді де талқылады.