Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің (МСМК) 57-ші отырысы барысында Самарқандта (Өзбекстан) жиналған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің бәсекелестік (монополияға қарсы) органдарының басшыларын Еуразиялық экономикалық одақ құқығындағы жаңартпалар, құқық қолдану практикасы, Комиссияның бәсекелестікті адвокаттандыру жөніндегі жұмысы туралы хабардар етті.
ЕЭК министрі МСМК қызметіне қатысу Комиссия үшін ерекше құндылық болып табылатынын атап көрсетті, өйткені ол Мемлекетаралық кеңестегі әріптестермен үнемі тәжірибе алмасуға және өзекті тақырыптар бойынша тәсілдемелерді, сондай-ақ бәсекелестік саласындағы модельдік құжаттарды әзірлеуге қатысуға мүмкіндік береді.
Іс-шараға қатысушылар ТМД мемлекеттеріндегі бәсекелестік саясат және монополияға қарсы реттеу саласындағы неғұрлым елеулі оқиғаларды, бәсекелестік заңнамасын және құқық қолдануды жетілдіру жөніндегі бірлескен жұмыс векторларын талқылады.
Максим Ермолович МСМК аясында ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет – Өзбекстан Республикасы Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Халилилло Турахужаевпен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар бәсекелестік саясат және құқық қолдану саласындағы бұдан арғы ынтымақтастықтың бағыттарын талқылады.
МСМК алаңы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бәсекелестік ведомстволары мен ЕЭК-ке тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді, бұл ТМД кеңістігінде бәсекелестік саласындағы заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру жөніндегі күш-жігерді қадамдастыруға жол ашады.