Жаңалықтар

22.09.2021 (Обновлено: 08.02.2022 14:33)

Михаил Мясникович пен Александр Новак мұнай-газ саласындағы Еуразиялық интеграцияның мәселелерін талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович пен Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Александр Новак Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай энергетикалық нарықтар құру жөнінде халықаралық шарттарды дайындауды талқылады. Тараптар мұнай-газ саласындағы Еуразиялық интеграцияның өзекті мәселелері бойынша да пікір алмасты.


Бұдан бұрын Еуразиялық «бестік» мемлекеттері басшыларының деңгейінде ЕАЭО-ның ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын қалыптастыру Тұжырымдамасы мен Бағдарламасы бекітілгенін еске сала өткен жөн. Ортақ газ нарығы бойынша да осындай құжаттар пакеті қабылданды. Келесі маңызды қадам - ЕАЭО-ның ортақ газ, сондай-ақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын қалыптастыру жөнінде халықаралық шарттарды қабылдау болады. Бұл нарықтарды іске қосу мақсатындағы ортақ құқықтық жүйені түзу үшін қажет.

Ортақ нарықтарды қалыптастыру және ұлттық заңнаманы үндестіру жөніндегі жұмыс ЕАЭО туралы шартта көзделген базалық қағидаттарды ескере отырып жүргізіледі. Ортақ нарықтар 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істеуге тиіс.