Жаңалықтар

01.07.2022 (Обновлено: 12.07.2022 14:05)

Михаил Мясникович Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконы 3 шілдеде атап өтілетін Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Қазіргі Беларусь Республикасы – әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай табыстарға қол жеткізген, қалыптасып болған тәуелсіз демократиялық мемлекет. Тәуелсіздік күні – бұл Беларусьтың егемендігінің, ұлттық мақтанышының, бостандық пен бейбіт өмір сүру құқығын жеңіп алған белорус халқының теңдесі жоқ ерлігі мен қаһармандығының рәмізі», — делінген құттықтау хатта. 

ЕЭК Алқасының басшысы атап көрсеткендей, еңбексүйгіштік, жауапкершілікті сезіну және жоғары адамгершілік қағидаттары – барлық кезде де белорустарға күшті ұлт болып қалуға және өз Отанының нығаюы мен өркендеуі жолындағы кез келген қиындықты еңсеруге көмектескен қасиеттер.
  Михаил Мясникович Александр Лукашенкоға мықты денсаулық, ізгі игіліктер және мемлекеттік қызметінде табыстарға жетуді, ал Беларусьтың әрқашан күшті де өркендеген мемлекет бола беруін тіледі.