Жаңалықтар

10.06.2022 (Обновлено: 06.07.2022 13:57)

Михаил Мясникович Владимир Путинді Ресей күнімен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді Ресей күнімен құттықтады.

Құттықтау хатта айтылғандай, бұл мереке Ресей Федерациясының қазіргі заманғы дамуы мен оның мыңжылдық тарихын, бітірген істері мен жеңістерін, ғалымдардың, спортшылардың жетістіктерін, бай мәдени мұрасын біріктіре байланыстырады. Ол ұрпақтар бірлігін және әртүрлі мәдениет пен діни конфессиялардың бірігуін айғақтайды.

«Еуразиялық интеграцияны дамыту жөніндегі алдағы жұмыстар дәстүрлі достықты сақтауға және Еуразиялық халықтардың ойдағыдай іскерлік ынтымақтастығына ықпал ететін болады деп сенемін», — деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының басшысы.

Михаил Мясникович Владимир Путинге мықты денсаулық, ал Ресей Федерациясына — амандық-саулық және өркендеу тіледі.