Жаңалықтар

14.09.2021 (Обновлено: 13.01.2022 10:14)

Саңырауқұлақ жіпшумағы ЕАЭО-ның карантинге жатқызылған өнімдер тізбесіне кіргізілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 14 қыркүйектегі отырысында саңырауқұлақ жіпшумағын Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешімімен бекітілген карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жатқызылған өнімдер тізбесіне кіргізуге шешім қабылдады.


Саңырауқұлақ жіпшумағын Одақтың кедендік аумағына әкелу көлемі үстіміздегі жылы 2018 жылмен салыстырғанда 40% артты. Бұл өнім саңырауқұлақтардың қауіпті түрлерінің, соның ішінде карантиндік жіпшумағын қамтуы мүмкін. Осыған байланысты саңырауқұлақ жіпшумағы жоғары фитосанитариялық қатері бар өнімдер тізбесіне кіргізілді.

«Қабылданған шешім карантиндік фитосанитариялық бақылаудың тиімділігін арттырады, халықаралық сауда кезінде саңырауқұлақтардың қауіпті түрлерін әкелу мен таратуды барынша азайтады, сондай-ақ Одақтың шекарасында және кедендік аумағындағы бақылау рәсімін біріздендіреді»,- деп атап көрсетті ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко.