Жаңалықтар

23.09.2022 (Обновлено: 03.10.2022 14:48)

ЕЭК Жастар кеңесі мен Федералдық жастар ісі жөніндегі агенттік ынтымақтастықты тереңдетеді

21 қыркүйекте Федералдық жастар ісі жөніндегі агенттікте ("Росмолодежь") Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің директоры, ЕЭК Жастар кеңесінің төрағасы Данияр Турусбеков пен "Росмолодежь" басшысының орынбасары Денис Ашировтың жұмыс кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында жастар күн тәртібінің мынадай өзекті мәселелерін талқылау болып өтті:

- Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында өткізілген ТМД және ЕАЭО-ның І Жастар форумының қорытындылары, соның ішінде жастар делегациялары қатысушыларының ЕАЭО елдері Үкіметтері мен халықаралық ұйымдар басшыларымен іскерлік таңғы ас кезінде ұсынған бастамалары;

- ЕЭК Алқасы Төрағасының Еуразиялық жастар бастамаларын іске асыру қорын құруға қатысты бастамасы;

- Ресей Федерациясының 2023 жылғы ЕАЭО органдарында төрағалық етуі шеңберіндегі бірлескен жобалар және 2021-2022 жылдары өткен бірлескен іс-шаралар; 

- ЕАЭО кеңістігіндегі тағылымдамадан өтудің жалпы бағдарламасының, жастар кәсіпкерлігінің және жастар туризмінің мәселелері.

Тараптар сондай-ақ 2022-2024 жылдарға арналған Ынтымақтастық бағдарламасын пысықтау және қол қою жұмысын жандандыруға уағдаласты.

Данияр Турусбеков Алқа Төрағасының жастар бастамаларын қарау және пысықтау бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияда "бірыңғай терезе" құру мен дамытуға қатысты тапсырмасын іске асыру жөнінде Комиссияда жүргізілген жұмыс туралы айтып берді.

Сөзін қорыта келіп, Данияр Турусбеков Федералдық жастар ісі жөніндегі агенттіктегі әріптестеріне ТМД және ЕАЭО-ның І Жастар форумындағы белсенді жұмысы үшін айрықша алғыс айтты және Еуразиялық экономикалық одақтың игілігі жолында алдағы уақыттағы жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.