Жаңалықтар

06.10.2023

Еуразиялық кеңістікте жаңа орнықты логистикалық тізбектер құру және халықаралық маршруттарды тездетіп дамытудың өзектілігі артты

Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев бұл туралы Астанада өткен "Қазақстанның көлік апталығы" шеңберіндегі New Silk Way VI көлік-логистика бизнес-форумының стратегиялық сессиясы барысында мәлімдеді.



ЕЭК министрі көлік саласындағы халықаралық тректе Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ТМД бойынша әріптестері - Өзбекстанмен, Тәжікстанмен, Түрікменстанмен, сондай-ақ үшінші елдер – Қытаймен, Үндістанмен, Иранмен және Таяу Шығыс, Оңтүстік Шығыс Азия, Латын Америкасы елдерімен ынтымақтастықты дамытуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады деп атап көрсетті.

Арзыбек Кожошев Форум алаңы ашылған мүмкіндіктерді талдап, оларды пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеудің жақсы тұғырнамасы болады деп сенім білдірді.

ЕЭК министрі Форум аясында Түрік Республикасының Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадыр Уралоглумен жұмыс кездесуін өткізіп, оның барысында көлік саласындағы өзара пайдалы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Анықтама


New Silk Way бизнес-форумына Еуропаның, Таяу Шығыстың, Кавказдың, Орталық және Оңтүстік Шығыс Азияның 25 елінің өкілдері қатысты.