Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі «бір терезе» механизмін іске асырудың басым құралдарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы «бір терезе» механизмін іске асыру құралдарының басымдылығын бағалау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мүдделі мемлекеттік органдарына, заңды тұлғаларына және бизнес-қоғамдастықтарына сауалнама жүргізу үшін сауалнама үлгілерін келісімге алды.
Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында сауалнама жүргізу бойынша ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сауалнаманы сәуір айының соңында бастап, 2024 жылдың мамыр айының соңында аяқтау жоспарлануда.
Басым құралдарды әзірлеу біздің елдерімізге жаңа цифрлық мүмкіндіктерді ескере отырып, сыртқы экономикалық қызмет жүйесіндегі «бір терезе» ұлттық механизмдерін бірлесіп күш-жігермен жетілдіруге мүмкіндік береді, бұл бизнес үшін сыртқы экономикалық қызметті жүргізуді жеңілдетуге және мемлекеттік қызметтер көрсету мен мемлекеттік органдар үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру сапасын арттыруға және мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.
Анықтама.
Бұл жұмыс Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы «Комиссияның мүше мемлекеттермен бірлесіп сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде «бір терезе» механизмін іске асырудың басым құралдарын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуі» туралы №12 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының 9.4-тармағын іске асыру шеңберінде жүргізіледі.
«Бір терезе» механизмін іске асыру құралдарының басымдығы сауалнама әдісі негізінде айқындалатын болады.
Сауалнама жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды Комиссия Алқасы 27.12.2023 жылғы № 42 «Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде «бір терезе» механизмін іске асырудың басым құралдарын әзірлеу туралы» ұсыныммен бекіткен болатын.