2009 жылғы 11 желтоқсандағы жанама салықтардың төленген сомалары бойынша Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің салық органдары арасында электрондық түрде ақпарат алмасу туралы хаттамаға енгізілген өзгертулер күшіне енді.
Жаңадан енгізілген өзгертулерге сәйкес еуразиялық «бестік» елдерінің салық органдары арасындағы алмасу енді апта сайын жүзеге асырылады (бұрын онкүндік кезеңділік қолданыста болған). Сондай-ақ, үш күннен бір жұмыс күніне дейін форматты-логикалық бақылау хаттамаларымен алмасу мерзімі қысқартылды. Бұдан басқа, Хаттама жанама салықтардың сомалары туралы электрондық түрдегі ақпараттың құрамы мен құрылымына қойылатын талаптармен толықтырылды.
Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтановтың айтуы бойынша енгізілген өзгертулер салық органдарының ақпараттық өзара іс-қимылының жеделдігін, салықтық бақылаудың тиімділігін және салық төлеушілердің қосылған құн салығы бойынша нөлдік мөлшерлемені қолданудың заңдылығы бойынша жиналған дәлелдемелік базаның сапасын арттыруға бағытталған (акциздерді төлеуден босату).
«Жаңа шаралар өзара саудаға қатысушылардың тауарларды экспорттау, жанама салықтарды төлеу және ҚҚС нөлдік мөлшерлемесін қолдану фактісін растауды жеделдетуге мүмкіндік береді», – деді министр.