Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 19 тамызда 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттама жобасын мақұлдады. Хаттама жобасы хаттамаға қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді өткізу мақсатында ЕАЭО мемлекеттеріне жіберілді.
Хаттама медициналық бұйымдарды ұлттық қағидалар бойынша тіркеу мүмкіндігін көздейтін өтпелі кезеңді 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартады.
Хаттаманы қабылдау ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымдардың ортақ нарығын бірқалыпты қалыптастыруды қамтамасыз етеді деп күтілуде.