Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың «Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне орайлас мемлекетаралық стандарттар әзірлеу жөніндегі бағдарламаның жаңа редакциясын қабылдады.
Бағдарлама 172 мемлекетаралық стандартты әзірлеуді көздейді, бұлардың 164-і ХЭК стандарттары негізінде, 3-і - EN стандарттары негізінде, 1-і - Беларусь Республикасының ұлттық стандарты негізінде, 4-і - Ресей Федерациясының ұлттық стандарты негізінде әзірленеді.
Сондай-ақ бағдарламада 46 мемлекетаралық стандартқа өзгерістер енгізу және 3 мемлекетаралық стандартты қайта қарау көзделген.
Бағдарлама Комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 295 шешімімен бекітілген (Комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 71 шешімінің редакциясында) бағдарламаның қолданыстағы редакциясын іске асыруды ескере отырып, ЕАЭО мемлекеттерінің ұсыныстарына сәйкес дайындалған.