Жаңалықтар

10.08.2022

Кері экспорт кезінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне жатқызылмайтын тауарлар санаты айқындалды

ЕЭК Алқасы кері экспорт мақсатында ЕАЭО кедендік аумағы бойынша тасымалдау үшін кедендік транзиттің кедендік рәсіміне жатқызылмайтын шетелдік тауарлардың екі санатын айқындады.

Сөз ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде алынған қайта өңдеу өнімдері, қалған заттар мен қалдықтар ретіндегі тауарлар, сондай-ақ кері экспорттың кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың кедендік аумағынан шығарылатын көп айналымды (қайтарылатын) ыдыс туралы болып отыр.

Сондай-ақ Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізуге шешім қабылданды. Кері экспорттың кедендік рәсіміне сәйкес осындай тауарларды кедендік декларациялау кезінде транзиттік декларацияда бұдан бұрын мәлімделген көлік құралдары туралы мәліметтер тауарларға арналған декларацияда көрсетілетіні көзделген.