Еуразиялық экономикалық комиссия және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары бірлесіп дайындаған аккредиттеуді дамыту саласындағы ЕАЭО құжаттарының жобасын ЕЭК Техникалық реттеу министрі Виктор Назаренконың қатысуымен өткен жиналыста одақтас елдерді аккредиттеу жөніндегі органдар басшыларының кеңесі келісімге алды.
Сонымен қатар жиналыс барысында нарықта сәйкестікті бағалау туралы айналымдағы құжаттарды, яғни белгіленген рәсімдерді бұза отырып, негізсіз берілген декларацияларды, сертификаттарды, өнімнің сынау хаттамаларын анықтауға байланысты бірқатар мәселелер қаралды.
«Нарықта сәйкестікті бағалау туралы негізсіз берілген құжаттары бар өнімнің айналымын анықтау кезінде аккредиттеу органдары мен қадағалау органдарының нәтижелі өзара іс-әрекеті, Одақта осындай құжаттарды беретін жөн-жосықсыз шаруашылық жүргізетін субъектілер қызметінің жолын кесу мақсатында тиімді құрал жасау – Одақ тұрғындарын қауіпті өнімдерден қорғауды қамтамасыз етудің жүйелі тетігі болуға тиіс», - деп атап өтті Виктор Назаренко.
Басшылар кеңесі ЕЭК министрі айтқан тақырыптың өзектілігін қолдап, өзара іс-қимылдың екі бағыты бойынша:
аккредиттеу жөніндегі органдардың өзара бір-бірімен, сондай-ақ қадағалау органдарымен жұмысты жандандыру жөніндегі нақты шараларды белгіледі. Бұл ретте 2022 жылғы қадағалау іс-шаралары нәтижелерінің материалдары бойынша пилоттық жоба тәртібімен
Басшылар кеңесінің алаңында алдағы айларда тиісті іс-қимыл алгоритмін пысықтау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
«Еуразиялық интеграциядағы Басшылар кеңесінің рөлі тұрақты түрде артуы тиіс. Мемлекет басшыларының шешімі бойынша құрылған ЕЭК органы бірінші кезекте нарық айналымындағы өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, сондай-ақ ұлттық тәсілдер мен рәсімдерді үйлестіру, Шарт ережелерін және Одақ органдарының қабылдаған шешімдерін іске асыру негізінде ЕАЭО-да аккредиттеу саласын одан әрі дамытуға байланысты ортақ нарықтың неғұрлым күрделі және өзекті мәселелерін шешуге арналған», - деп атап өтіп ЕЭК министрі талқылаулар мен Кеңес қабылдайтын шешімдерді дамыту векторының болашағын белгіледі.
Аккредиттеу жөніндегі кеңес ағымдағы жылы ЕАЭО мемлекеттерін аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдардың өзара салыстырмалы бағалауларын өткізуді бастады. Ұйымдастырушылық іс-шаралар бөлігінде ЕАЭО туралы шарттың ережелерін іске асыруда жүзеге асырылатын Одақты аккредиттеу саласы үшін осы аса маңызды процестің бастамасы ретінде жиналыста Қырғыз аккредиттеу орталығының бағалау тобының құрамы бекітілді.
Сонымен бірге Кеңес Бірыңғай тізілімге енгізілген аккредиттелген органдардың қызметіне берілген шағымдарды қарау нәтижелері туралы тараптарға хабарлау тәртібінің жобасын келісімге алды, оны биылғы жылы ЕЭК алқасының отырысына қабылдау үшін ұсыну жоспарланып отыр. Бұл ретте Басшылар кеңесі № 36 «Одақтың біріктірілген ақпараттық жүйесі аясында ЕАЭО сәйкестігін бағалау жөніндегі органдардың (оның ішінде сертификаттау жөніндегі органдардың, сынақ зертханаларының (орталықтарының)) бірыңғай тізілімін жасаудың және жүргізудің» жалпы процесін қолданысқа енгізуді жеделдету үшін қажетті шешімдер әзірледі.
Анықтама
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді аккредиттеу жөніндегі органдар басшыларының кеңесі Одақ туралы шартты іске асыру шеңберінде техникалық реттеу саласындағы аккредиттеуді дамыту мақсатында ЕАЭО-ның көмекші органы ретінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 5 шешімімен құрылды.