Жаңалықтар

08.07.2025

Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы техникалық регламенттің күшіне ену мерзімі ауыстырылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Ресейдің ұсынысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың "Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің күшіне ену мерзімін 2028 жылғы 1 қыркүйекке ауыстырды.


Бұл ЕАЭО-ныңтехникалық регламенттерін әзірлеу және оларға өзгерістер енгізу жоспарына сәйкес әзірленіп жатқан түзетулер шеңберінде құжаттың бірқатар талаптарын өзектілендіруге және техникалық регламентті іске асыру үшін қажетті екінші деңгейдегі актілерді – стандарттар тізбесін және энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігінің заттаңбаларын әзірлеуді және қабылдауды аяқтауға мүмкіндік береді.

ЕЭК Кеңесінің осы шешімімен Комиссия Кеңесініңэнергия тұтынатын құрылғылардың әртүрлі заттаңбаларының нысаны мен оларды ресімдеу қағидаларын белгілейтін шешімінің күшіне ену мерзімі 2028 жылғы 1 наурызға ауыстырылды. Сондай-ақ, техникалық регламентке орайлас бірқатар қосымшада белгіленген жекелеген талаптардың күшіне ену мерзімі үш жылға ауыстырылды.