Жаңалықтар

18.09.2023 (Обновлено: 19.09.2023 15:08)

Одақта уәкілетті экономикалық оператор институтын дамыту перспективалары бизнеспен бірге талқыланды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Сергей Владимиров Сыртқы экономикалық қызмет саласындағы бизнес-қауымдастықтардың халықаралық одағы басшылары жиналысының Жалпы отырысы шеңберіндегі кеңесте Еуразиялық экономикалық одақта уәкілетті экономикалық оператор (УЭО) институтын дамыту перспективалары туралы хабарлады. "ТМД экономикалық дамуының іскерлік орталығы" ұйымдастырған іс-шара ТМД Атқарушы комитетінің алаңында болып өтті.

Сергей Владимиров ағымдағы оңайлатуларды іске асыру, жаңа оңайлатуларды енгізу тұрғысында Одақта УЭО енгізу жөніндегі істердің жағдайына жан-жақты тоқталып, Одақтың нормативтік базасын жетілдіру, УЭО-ны өзара тану және осы институтты жан-жақты қолдау туралы келісімдерді дамыту туралы айтты.

"Кеден және бизнес ынтымақтастығының неғұрлым оңтайлы моделі мемлекет пен бизнес мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін УЭО институты болып табылады", — деп атап өтті ЕЭК Департаментінің басшысы.


Анықтама

"ТМД экономикалық дамуының іскерлік орталығы" қауымдастығы ТМД мемлекеттері Басшылары кеңесінің 2000 жылғы 21 маусымдағы және ТМД Экономикалық Кеңесінің 2002 жылғы 28 маусымдағы шешімдері негізінде құрылды.

Кеден ісінде УЭО — бұл кеден органдары әріптестіктік қатынастар құратын сыртқы экономикалық қызметтің парасатты және сенімді қатысушылары. Бұл тұлғалар кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау жүргізу кезінде артықшылықтарға ие. УЭО институтын қолдану үрдісі әртүрлі континентте көптеген елді біртіндеп қамтуда.