9 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры орынбасары Сергей Владимировтың төрағалық етуімен экспресс-жүктер мен халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік операциялар жасау тәртібін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы болып өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері, соның ішінде пошта операторлары мен экспресс-тасымалдаушылар қатысты.
Отырыста алушы, жөнелтуші, электрондық сауда операторы және т.б. туралы жалпы мәліметтерді, тауарлар туралы, соның ішінде СЭҚ ТН бойынша тауардың кедендік құны мен коды туралы жекелеген мәліметтерді айқындауға қатысты мәселелер талқыланды.
"Электрондық сауда тауарларына арналған декларация Одақтың Кеден кодексіне сыртқы электрондық сауданы реттеу бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген сәттен бастап қолданыла бастайды, Хаттама қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерден өтуде", - деп атап өтті Сергей Владимиров.
Комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 20 өкімімен 2017 жылғы 11 сәуірдегі ЕАЭО Кеден кодексі туралы шартқа (сыртқы электрондық сауданы реттеу бөлігінде) өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлданды және оған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу мақсатында мүше мемлекеттерге жіберілді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 10 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде электрондық сауданы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі іс-шаралар жоспары (жол картасы) бекітілді.
Жол картасының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО мемлекеттерімен бірлесіп, соның ішінде электрондық сауда тауарларына арналған декларацияның нысанын және оны толтыру тәртібін айқындайтын ЕЭК актісін дайындауы қажет.