Жаңалықтар

26.09.2024

Тауарларға арналған декларацияға өзгерістер енгізу тәртібін түзету жоспарланып отыр

25 қыркүйекте Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары Григор Оганянның төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы Кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Сарапшылар кеден органы мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушының өзара іс-қимылы кезінде электрондық құжат айналымының басымдығына, сондай-ақ қағаз жеткізгіштегі құжаттарды барынша азайтуға бағытталған тауарларға арналған декларацияға өзгерістер енгізуге байланысты мәселелерді талқылады.

2022 жылы Кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобы құрылды, оның қызмет саласына тауарларды декларациялау мәселелері кіреді.

Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешімімен бекітілген.