Жаңалықтар

21.03.2023 (Обновлено: 22.03.2023 17:41)

ЕЭК Алқасының төрағасы Қазақстан, Қырығзстан, Өзбекстан, Иран, Әзірбайжан және Түркіменстан Президенттерін Наурыз мерекесімен (Нооруз, Навруз, Новруз) мерекесімен құттықтады.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясникович Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровты, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевті, Иран Ислам Республикасының Президенті Сейед Эбрахим Раисиді, Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевті және Түрікменстанның Президенті Сердар Бердімұхамедовті көктемгі Наурыз мерекесімен құттықтады (Нооруз, Наурыз, Новруз).

Михаил Мясниковичтің құттықтау хаттарында бұл мереке «ежелгі дәстүрлердің символы бола отырып, табиғаттың рухани өркендеуін, жандануын және жаңаруын білдіреді. Мыңдаған жылдар бойы мерекенің әдет-ғұрыптары ұрпақтан ұрпаққа беріліп, халықты біріктіріп келеді» делінген.

ЕЭК Алқасының басшысы мемлекет басшыларына зор денсаулық, бақ-береке және мемлекеттік және халықаралық қызметте табыс, ал Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Әзірбайжан Республикасы және Түрікменстан халықтарына амандық пен бірлік тіледі.

Анықтама

Ұлыстың ұлы күні Наурыз (Нооруз, Наурыз, Новруз) парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» дегенді білідіреді, ол 21 наурызда атап өтіледі. Бұл түркі және иран халықтарының астрономиялық күн күнтізбесі бойынша көктемнің келу мерекесі. Наурыз – ұлттық дәстүр. 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының қайта жаңару тізіміне енгізілді, осы уақыттан бастап 21 наурыз Халықаралық Наурыз мерекесі болып жарияланды.