ТМД мен ЕАЭО-ның Жастар форумы 2022 жылғы 25-26 тамызда Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының Чолпон-Ата қаласында өтеді. Форумға Еуразиялық экономикалық одақтың және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен 200-ден астам делегат қатысады. Бұлар — жас белсенділер, мемлекеттік қызметшілер мен жас дипломаттар.
Форум жастардың өзара іс-қимылын кеңейтуге, бастамаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға, жас ұрпақ өкілдерінің қоғамдық және кәсіби өзін-өзі танытуына бағытталған.
Жастар форумына БАҚ-ты аккредиттеу 17 тамызға дейін мүмкін болады. Аккредиттеуге арналған өтінім мен құжаттарды Қырғыз Республикасы СІМ баспасөз қызметінің press@mfa.gov.kg электрондық поштасына жолдау қажет.
Аккредиттеу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- БАҚ басшысының қолы қойылған ресми бланкідегі хат (Жіберілетін тілшілердің, техникалық қызметкерлердің ТАӘ),
- ұсынылатын БАҚ туралы мәліметтер,
- паспорттың сканерленген көшірмесі,
- электрондық түрдегі 3*4 фотосуреті.
Аккредиттеуге қатысты барлық қосымша мәселелер бойынша ҚР СІМ баспасөз қызметінің мына телефоны бойынша хабарласуға болады: +996 312 62 65 59, press@mfa.gov.kg.